» » Қызылордада бірқатар шектеулер алынып тасталды

Қызылордада бірқатар шектеулер алынып тасталды


Қызылорда облысы бойынша бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №24 қаулысы шықты. Бірқатар нысандардың шектеу шаралары алынып тасталды, деп хабарлайды Kyzylorda.news.kz

Енді ашық алаңдағы аттракциондар, фитнес, бассейн, тренажер, спорттық үйірмелер, қоғамдық монша, сауна, демалыс саябақтары түңгі 23-00-ге дейін жұмыс істейді. Театр, кітапхана, мұражайға адам санына шектеу қою арқылы рұқсат берілді.
«Қоғамдық көліктер демалыс және мереке күндері де жүретін болады. Барлығында кондуктор болуы тиіс. Ал сауда үйлері, ойын-сауық орталықтары, азық-түлік емес және азық-түлік жабық базарлары демалыс күндері бұрынғысынша жұмыс істемейді, – деді облыс бойынша бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Динара Жаңабергенова.
Жаңа қаулыға сәйкес, көпшілік іс-шараларын, спорттық, отбасылық, естелік, салтанатты, мерекелік, мәдени, (банкеттер, үйлену тойы, мерейтой, еске алу) шараларды әзірге өткізуге болмайды. Кинотеар, караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын алаңдары мен аттракциондар, батуттар мен букмекерлік кеңселер, оқушылардың және мектеп жасына дейінгі балалардың экскурсиясына, кальянды пайдалануға тыйым салу жалғасады.
19 қыркүйек 2020 ж. 877 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

№64 (10532)

24 тамыз 2026 ж.

№63 (10531)

22 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 755
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 197

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930