» » Карантин: қандай шектеулер алынды?

Карантин: қандай шектеулер алынды?

Күн сайын індет жұқтырушылар саны азайып, жазылып шыққандар көбеюде. Емханада ем алып жатқандар үйлеріне шығарылып, індеттің беті қайтып келеді. Осыған байланысты Үкімет карантин талаптарын жеңілдетті. Енді қай сала жұмысын бастады, қандай шектеулер алынды?


Сауда, ойын-сауық орталықтары 21.00-ге дейін, толтырылуын 30 проценттен асырмай жұмыс істей алады. Сұлулық салондары мен шаштараз алдын-ала жазылу арқылы қызмет етеді. 1 топта 5 адамнан асырмай меншік нысанына қарамастан балалар коррекция, балалар және ересектерге арналған білім беру орталықтары мен 15 баладан асырмай балабақшадағы кезекші топтар адам қабылдайды. Ашық алаңдағы аттракцион мен бассейнсіз фитнес орталықтардың 22.00-ге дейін қызмет көрсетуіне рұқсат. Толтырылуын 50 проценттен асырмай, 22.00-ге дейін қоғамдық монша, сауна жұмыс істейді. Ашық алаңда 5 адамнан аспайтын жеке және топпен жаттығуға болады. Демалыс саябағы мен жағалауларда тек 3 адамнан артық емес әлеуметтік қашықтықты сақтап 22.00-ге дейін жүруге, серуендеуге болады. Ал халыққа қызмет көрсету орталықтарына тек алдын ала арнайы сайт немесе телеграм ботпен брондау арқылы 17.00-ге дейін бара алады.
Ал көпшілік іс-шараларға, спорттық, отбасылық көпшілік жиындарға әлі де қатаң тиым салынады. Банкет залдары, ойын-сауық орталықтарының жанындағы ойын алаңы, фудкорт, кинотеатрлар да әзірге жұмыс істемейді. Бар, түнгі, интернет және бильярд клубы, букмекерлік конторлар да жұмыс істей алмайды. Барлық мәдениет объектісі мен бассейн, жағажай, ашық аквапарк жұмысына рұқсат жоқ. Жазғы тынығу лагері мен оқушылар, мектеп жасына дейінгі балалардың экскурсиясына тыйым салынады.
Сенбі мен жексенбі күндері қоғамдық көліктердің жұмысы тоқталады. 65 жастан асқан адамдардың сыртқа шығуына шектеу қойылады және азық-түлік пен дәріхананы қоспағанда, сауда орындарының жұмысы тоқтатылады. Сұлулық салондары, шаштараз, фитнес орталықтар мен моншалар да демалыс күндері жұмыс істемейді.
Әуежай, көлік қатынастары мен пойыздарда дезинфекциялау жүргізіледі. Жолаушыларды отырғызу мен түсіру, билеттер сату мекемелерінде қатаң санитарлық талап сақталып, тазалау және дезинфекциялау жасалады. Ал тұрғындар эпидемиологиялық ахуал тұрақтанғанша далада, ғимарат пен қоғамдық көлікте бетперді киюге міндетті.
Бұл ауданның бас санитарлық дәрігерінің орынбасары – К.Медеуованың 16 тамыздағы №14 қаулысы. Бүгінде аталған қаулы өз күшіне енді. Енді тұрғындар осы құжаттағы талаптарды сақтау керек. Болмаған жағдайда әкімшілік жауапқа тартылатынын да естен шығаруға болмайды. Мұның барлығы, халықтың қауіпсіздігі мен амандығы үшін жасалған шаралар. Ендігі кезде бастапқыда жіберген қатенің алдын алып, індеттен барымызша сақтануымыз қажет. Індетті өршітпеу де, оны толықтай жеңу де өз қолымызда.

Аслан ЖАЙҚОНЫСҰЛЫ
22 тамыз 2020 ж. 632 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031