» » Бүгіннен бастап Қазақстанда карантин жеңілдетілді

Бүгіннен бастап Қазақстанда карантин жеңілдетілді

17 тамыздан бастап Қазақстанда карантин жеңілдетілді,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Питон жыланы алып қолтырауынды түгелдей жұтып қойды

Мемлекеттік комиссия өңірлер әкімдерінің ұсыныстарын, сондай-ақ денсаулық сақтау министрлігі мен басқа да ведомстволардың ұстанымын қарап, карантиндік шараларды кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын бекітті және бірқатар шешімдер қабылдады:
17 тамыздан бастап барлық өңірлерде жұмысы қайта басталады:
  • СОСО, сауда үйлері (бутиктер), сауда желілері, жабық базарлар (толымдылығы 30%-дан аспауы тиіс, 1 келушіге 4 ш. м);
  • сұлулық салондары, шаштараз, СПА орталықтары, косметологиялық қызмет көрсететін нысандар (алдын ала жазылу бойынша 1 келушіге 4 ш.м.);
  • бассейні жоқ фитнес орталықтары (толымдылығы 50%-дан аспауы тиіс, 1 келушіге 5 ш.м.), бассейні жоқ моншалар мен сауналар (толымдылығы 50%-дан аспауы тиіс, 1 келушіге 4 ш.м.);
  • балаларға арналған түзету кабинеттері, балалар және ересектерге білім беру орталықтары (топтарда — 5 адамнан артық емес, жазылу бойынша); мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтары (15 адамнан артық емес);
  • ашық ауадағы аттракциондар (қашықтықты сақтау, маска тағы, адамдар ағынын реттеу).
Жұмыс берушілерге қызметкерлердің кемінде 80% үшін қашықтан жұмыс істеу форматын сақтау ұсынылады.
  • мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық компаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің талаптарды сақтай отырып, қызметіне рұқсат етілді. Бұл ретте қызметкерлердің кемінде 80 пайызы қашықтықтан жұмыс нысанында қалады (штаттық кесте кезінде 30-дан астам қызметкер);
17 тамыздан бастап ашық ауада жеке және топтық жаттығуларға (5 адамнан артық емес) және ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығуларға (30 адамнан артық емес, спорт базаларында тұруға, эпидемияға қарсы және алдын алу шараларын сақтауға) рұқсат етіледі.
Қоғамдық көлік қозғалысы отыратын орындарының саны толғанша, соңғы аялдамаларда желдетуді және дезинфекциялауды қамтамасыз еткенде қайта басталады.
Бұл жағдайда тыйым салынады:
  • ойын-сауық, спорттық, отбасылық, естелік, салтанатты және басқа да бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізу;
  • барлардың, түнгі және ойын клубтарының, караоке, фуд-корттардың, кинотеатрлардың және балалар мен ересектерге арналған өзге де ойын-сауық орындарының жұмысы: мәдениет объектілерінің, мұражайлардың қызметі, конференциялар, көрмелер, форумдар өткізу;
  • бассейндер, қалалық және қоғамдық жағажайлар, ашық аквапарктер жұмысына;
  • діни нысандардың жұмысы;
  • қала маңындағы жолаушылар пойыздарының /электр пойыздарының қозғалысы, жұмыс пойыздарын, қалааралық автобустарды/шағын автобустарды қоспағанда, ортақ вагондарды қалыптастыру.
Демалыс күндері эпидемиологиялық жағдайды одан әрі тұрақтандыру мақсатында шектеу шаралары сақталады.
  • қоғамдық көлік қозғалысын шектеу
  • 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуын шектеу
  • азық-түлік супермаркеттері мен олардағы дәріханаларды қоспағанда, сауда үйлерінің, сауда желілерінің, сауда-ойын-сауық орталықтарының жұмысын тоқтата тұру;
  • азық-түлік емес және азық-түлік жабық базарлардың жұмысын тоқтата тұру;
  • сұлулық салондарының, шаштараздардың, СПА-орталықтардың, косметологиялық қызметтер көрсететін объектілердің жұмысын тоқтата тұру;
  • фитнес-орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтарының жұмысын тоқтата тұру;
  • қоғамдық моншалардың, сауналардың жұмысын тоқтата тұру;
  • балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтарының, түзету кабинеттерінің жұмысын тоқтата тұру.
  • ашық ауада Аттракциондардың жұмысын тоқтата тұру.
Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы қаулысының толық мәтінін сілтеме арқылы көруге болады.
Бұған дейін карантиндік шаралар қолданылған кезеңде Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға және медициналық ұйымдарға жүктемені едәуір төмендетуге қол жеткізілгені хабарланған болатын. Тәуліктік инфекцияның өсуі 4 пайыздан 0,5 пайызға дейін төмендеді. Сауыққандар саны 76 пайызға жетті. Репродуктивтіліктің орташа көрсеткіші 0,78-ге дейін төмендеді, төсек жүктемесі 26 пайызды құрайды.
17 тамыз 2020 ж. 590 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 186

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 145

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 303

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930