» » Гүлшара Әбдіқалықова кенттегі өрттен зардап шеккен отбасының туыстарына көңіл айтты

Гүлшара Әбдіқалықова кенттегі өрттен зардап шеккен отбасының туыстарына көңіл айтты



Бүгін Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі тұрғын үйде газ баллоны жарылып, онда 4 адам қаза тапты. Оқыс оқиғаға орай Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова зардап шеккен отбасының туыстарына көңіл айтты.
«Жерлестер! Бүгін Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Рүстембеков көшесі 29, жеке тұрғын үйде түскі 13.30 кезінде 27 литрлік газ баллоны жарылып, 144 ш.м. жер өртке оранып, 4 адам қайтыс болды: С.Өміртаева (2001ж.), Р.Айтмаханова (1981ж.), Н.Айтмаханова (2000ж.), С. Мырхиев (1999ж.). Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін 1950 ж.туған С.Алмаханова хирургия бөлімшесіне жатқызылған. Өртті сөндіруге ТЖД (16 қызметкер және 4 бірлік техника), ӨКМ (20 қызметкер және 4 бірлік техника), ЖАО (10 қызметкер және 3 бірлік техника), прокуратура (3 қызметкер,1 бірлік техника), БСМК (8 қызметкер және 3 бірлік техника), КРЭК (3 қызметкер және 1 бірлік техника) жұмылдырылды. Қайтыс болған азаматтардың туған-туыстарына Сыр елі жұртшылығы атынан қайғыра көңіл айтамын. Бұл бәрімізге де жеңіл тимеді. Қазіргі таңда осыған байланысты мәселе менің тікелей бақылауымда тұр. Өрттен, судан, басқа да апаттан аман болайықшы, жерлестер!», – делінген облыс әкімінің «Facebook» парақшасында.


15 наурыз 2021 ж. 801 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

№20 (10487)

17 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 741
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 106

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 473

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031