» » Байқоңырда жоғалған екінші бала әлі іздестірілуде

Байқоңырда жоғалған екінші бала әлі іздестірілуде



Байқоңыр қаласында 20-шы ақпан күні 2013 жылы туған екі бала жоғалып кеткен болатын. Екінші сынып оқушылары сол күні күндізгі 10:30 шамасында «Маяк» спорт кешенінен шыққан. Содан із-түссіз жоғалып кетті. Ертесіне бір баланың денесі Сырдария өзенінің жоғары ағысындағы Байқоңыр понтон өткелінен 500 метр қашықтан табылды. Ал екіншісі әлі іздестірілуде. Жалпы, іздестіру жұмыстарына 267 адам, 29 бірлік техника, 1 тікұшақ жұмылдырылған.
- Жоғалған екінші баланы өзеннен және қала ішінен іздеп жатырмыз. Одан бөлек кинологиялық қызметкерлер 5 шақырым қашықтықта өзен жағалуымен іздеу жұмыстары жүргізілді. Алайда іздестіру жұмыстары нәтижесін бермей тұр. Іздестіру жұмыстарын жалғастыра береміз, – деді Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары Саид Молдақараев.
Айта кетейік, аталмыш оқиғаға Қызылорда облысының ТЖД 10 қызметкер, 2 автокөлік, Байқоңыр қаласы ІІМ өкілдігінен 35 қызметкер, 7 бірлік автокөлік, Байқоңыр қаласы РФ ІІМ-нен 150 қызметкер, 15 бірлік техника, 1 тікұшақ, РФ ТЖМ 32 қызметкер 1 автокөлік және балардың туысқандары мен волонтерлерді қоса есептегенде 40 адам, 5 бірлік автокөлік жұмылдырылған.

22 ақпан 2021 ж. 773 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 996
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 225

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031