» » Биткоин бағалы валютаға айналды

Биткоин бағалы валютаға айналды

Ақпан айының ортасында биткоиннің бағамы кезекті рет рекорд жаңартты. Бұл жолы 1 биткоиннің құны 49 мың доллардан асып түсті.


Tesla компаниясы алдағы уа­қыт­­та клиенттермен криптовалюта арқылы есептесуді жоспар­лап отыр­ғанын хабарлады. Осы жаңа­лық­тың жарқ етуі мұң екен, биткоин бағасы шарықтап шыға келді.
Биткоин өткен аптаны 48 мың дол­лармен түйіндеген еді. Бұ­ған Mastercard пен BNY Mellon ком­пания­ларының хабарламалары түрткі болды. Mastercard 2021 жы­лы криптовалютамен төлем қа­был­­дауды бастауға ниетті еке­нін ха­барл­ады. АҚШ-тың ең көне банкі – BNY Mellon цифрлы валю­та­ларды сақтауға және онымен опе­­ра­ция­лар жүргізуге арналған плат­­форма­ны әзірлейтінін мәлім­деді.
2021 жылы биткоин шамамен 70 пайызға өсті. Bloomberg мәлі­меттері бойынша, бірнеше күн бұрын биткоинға бәсекелес Ether крип­товалютасы да өз рекордын жаңартты. Оның құны жыл басынан бері 150 пайызға қымбаттады.
Жалпы, криптовалюталардың екінші «ғұмыры» коронавирус­пен бірге басталды. Бірақ негізгі өсім жылдың екінші жартысында тіркелді. Бірнеше айдың ішінде биткоин бағасы төрт есе, яғни 10 мың доллардан 40 мың долларға дейін өсті.
Бұған дейін ең жоғарғы баға 2017 жылдың соңында тір­келген болатын – 20 мың дол­лар. Кейін биткоин бұл биі­гінен құлдырай бастады. Ал жаңа жыл басталғалы бері оның бағамы 30 мың доллардан кем түскен емес.
Сарапшылардың болжамынша, биткоин бағасы одан әрі өсе бермек. Бұған қажетті алғы­шарт­тар жеткілікті.

22 ақпан 2021 ж. 445 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031