» » Банкке барудың қажеті етпейтін әлеуметтік әмиянның артықшылығы қандай?

Банкке барудың қажеті етпейтін әлеуметтік әмиянның артықшылығы қандай?



Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов әлеуметтік әмиянның банк картасынан қандай айырмашылығы бар екенін түсіндірді, деп хабарлайды kyzylorda-news.kz ақпарат агенттігі.
Шәпкеновтің айтуынша, цифрлық әлеуметтік әмиян – банктік шоттарға балама.
«Артықшылығы – азаматтар банктерге жүгінбейді. Ұлттық банк жүйесінде әр адамға жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы шот ашылады. Біз бұл шоттарға болашақта 44 әлеуметтік төлемді проактивті түрде аударуды жоспарлап отырмыз», – деді министр мәжілістегі Nur Otan фракциясының кеңейтілген отырысында.
Айтуынша, әмиянға аударылған әлеуметтік төлемдер банктердің, салық органдарының немесе коллекторлық фирмалар мен басқа да тараптардың өндіріп алуынан қорғалады. 
Сондай-ақ, әлеуметтік әмиянмен тауар сатып алуға болады. Әлеуметтік әмияндағы ақшаны банк картасына аударуға және сол арқылы қолма-қол ақша ретінде шешіп алуға да мүмкіндік бар.
«Ешқандай шектеу болмайды. Қазіргі таңда заң жобасы бекітілді. Осыған байланысты Ұлттық банк техникалық және ұйымдастырушылық жұмыстарын жүргізіп жатыр», – деп толықтырды ведомство басшысы.
14 ақпан 2021 ж. 559 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 030
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 701

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031