» » Қазақстанда банк шотынан ақша шешіп алуға шектеу енгізілді

Қазақстанда банк шотынан ақша шешіп алуға шектеу енгізілді







Қазақстанда заңды тұлғаларға банк шотынан қолма-қол ақша шешіп алуға шектеу енгізілді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
Ақшаның шекті мөлшеріне қатысты өзгерістер осы жылдың 1 маусымынан бастап күшіне енеді.
Ұлттық банк заңды тұлғалар үшін банктегі шоттардан шешіп алуға болатын қолма-қол ақшаның шекті сомасын белгіледі:
шағын бизнес үшін – күнтізбелік айда 20 миллион теңге;
орта бизнес үшін – күнтізбелік айда 120 миллион теңге;
ірі бизнес үшін – күнтізбелік айда 150 миллион теңге.
«Жаңашылдық көлеңкелі экономиканы азайтуға, бизнес субъектілері операцияларының айқындылығын арттыруға, сондай-ақ, заңсыз жолмен алынған ақшаны жылыстатуға қарсы күреске және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге бағытталған», – деді ұлттық банк төрағасының орынбасары Дина Ғалиева.
Оның айтуынша, шектеудің қолданылу мерзімі – осы жылдың соңына дейін.
Егер компанияға бір айда белгіленген лимиттен артық ақша шешу қажет болса, онда екінші деңгейлі банкке тиісті негіздемемен жүгіну керек. Банк соманы ұлғайту туралы өтінімді қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетімен 3 жұмыс күні ішінде келіседі. Осыдан кейін ғана барып компанияға рұқсат беріледі.
Шектеу кімдерге қатысты емес:
– жеке тұлғаларға;
– жеке кәсіпкерлерге;
– микрокәсіпкерлік субъектілеріне;
– ауыл шаруашылығы азық-түлігі өнімін, балық өнімін сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға;
– тамақ өнімдерін, сусын, фармацевтикалық, медициналық және ортопедия тауарларын бөлшек сатумен айналысатын заңды тұлғаларға;
– екінші деңгейлі банктерге;
– «Қазпошта» АҚ;
– банктік емес ақша айырбастау пунктеріне.
22 сәуір 2020 ж. 938 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 018

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031