» » Әрбір азамат вакцинациядан бас тартуға құқылы – дәрігер

Әрбір азамат вакцинациядан бас тартуға құқылы – дәрігер

Бұл туралы Алматы қаласы №4 қалалық емханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Зарина Алтынбекова онлайн брифингте айтты.

Оның айтуынша, елімізде коронавирусқа қарсы вакцинация мемлекет есебінен толығымен тегін жүргізіледі. Сондай-ақ Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекске сәйкес әрбір азамат жазбаша түрде вакцинациядан бас тартуға құқылы.

Вакцинация екі кезең бойынша жүргізіледі. I компонентімен 0,5 мл дозада, содан кейін 21-күні II компонентімен 0,5 мл дозада. СОVID-19-ға қарсы вакцинацияны 18 жастан асқан ересектерде СОVID-19-ға қарсы вакцинация жүргізуді жүзеге асыратын медицина қызметкерлерінің іс-қимыл алгоритмі бойынша ерікті келісімімен медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ азаматтарға жүргізеді, - дейді дәрігер.Вакцинация жүргізудің шарттары бойынша азаматтар емханаға жүгінуі қажет. Пациенттің сауалнамасын толтыру және ақпараттандырылған ерікті келісім беру қажет. Оң эпидемиологиялық анамнез болған кезде (соңғы 14 күн ішінде инфекциялық аурулармен ауыратын науқастармен байланыс), сондай-ақ соңғы 14 күн ішінде ауру белгілері болған кезде SARS-Соv-2 коронавирусының болуына ПТР-тестілеу жүргізіледі.

СОVID-19 ауырып жазылған адамдар және SARS-Соv-2 вирусына G және М класты иммуноглобулиндердің болуына оң нәтижелері бар адамдар егілмейді. Вакцинацияға дейін дәрігердің міндетті тексеруі жүргізіледі. Дәрігерлер пациентке вакцинациядан кейінгі асқынулар туралы ескертеді және ақпараттық материалмен жадынама береді. Вакцинациядан кейін пациент 30 минут бойы медициналық персоналдың бақылауында болуы тиіс, - дейді ол.Келесі үш күн ішінде қысқа мерзімді жалпы (тұмауға ұқсас синдром, дене қызуының көтерілуі, дімкәстік, бас ауыруы) және жергілікті реакциялар (инъекция орнындағы ауырсыну, ісіну) дамуы мүмкін екен. 

II кезең алдында қайта тексеру жүргізіледі. Дәрігер II компонентімен вакцинацияға қарсы көрсетілімдердің болмауын немесе болуын анықтайды. Вакцинаның I компонентін енгізуге вакцинадан кейінгі асқынулар қарсы көрсетілімдер. Иммунизациядан кейін жанама әсерлер пайда болған жағдайда медицина қызметкері пациентке көмек көрсету, қажет болған жағдайда стационарға уақтылы емдеуге жатқызуды қамтамасыз етеді. Оған қоса медициналық ұйымның басшысын дереу хабардар етеді. Оларды анықтаған сәттен бастап 2 сағат ішінде денсаулық сақтау басқармасының аумақтық органына және Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының аумақтық органына хабарлайды, - дейді Зарина Алтынбекова.

Бұған дейін COVID-19-ға қарсы жаппай вакцина салу қалай жүргізілетіні хабарланды.

26 қаңтар 2021 ж. 691 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031