» » Еурокомиссия коронавирусқа қарсы вакцинацияны 27 желтоқсанда бастайды

Еурокомиссия коронавирусқа қарсы вакцинацияны 27 желтоқсанда бастайды

Еуроодақ билігі коронавирус инфекциясына қарсы екпені 27-29 желтоқсанда бастайды. Бұл туралы Еуроодақ басшысы Урсула фон дер Ляйен өзінің Twitter желісіндегі парақшасында жазды. «Бұл – Еуропа үшін ең шешуші кезең. 27, 28 және 29 желтоқсанда барлық ЕО бойынша вакцинация басталады. Біз азаматтарымызды бірге қорғаймыз», – деп жазды фон дер Ляйен. Бұрынырақта Германия канцлері Ангела Меркель вакцина жүргізу туралы шешім 29 желтоқсанға дейін белгілі болатынын мәлімдеді. Бұдан кейін Еуропа елдеріне қажетті көлемде екпе бірден жеткізіліп, келесі жылдың қаңтарында вакцинация басталады.
 24.kz
17 желтоқсан 2020 ж. 682 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 991
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 221

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031