» » Қызылордада «Әкелер кеңесінің» отырысы өтті

Қызылордада «Әкелер кеңесінің» отырысы өтті



Қызылорда облыстық Жастар ресурстық орталығы жанындағы «Әкелер кеңесінің» отырысы өтті, - деп хабарлайды kyzylorda-news.kz ақпарат егенттігі.
Маңызды басқосуда отбасы институтын және әкелердің отбасылық тәрбие берудегі рөлін нығайту мәселесі талқыланды.
Жиынға құрылысшы, көпбалалы әке, тоғызқұмалақтан 3 дүркін әлем чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Хакімжан Елеусіновты тәрбиелеген әке Мектепхан Елеусінов, ҚМДБ-ның Сыр өңірі бойынша бас имамы Болатбек Абуов, көпбалалы әке, журналист, «Сыр медиа» ЖШС бас директорының орынбасары Дәурен Сейітжанұлы мен «Қамқорлық» дағдарыс орталығының басшысы Жандос Тусмагамбетов қатысты.
Отырыста Мектепхан Елеусінов баласының биікті бағындыруында әкенің орны барын баса айтты. Бас имам Болатбек Абуов «тәрбие» сөзі араб тілінен аударғанда, «көктету, өсіру, жетілдіру» деген ұғымды береді, яғни, сәбидің болашағы осы алған тәрбиесіне тікелей қатысты боларын, сондықтан бұл мәселеге асқан жауапкершілікпен қарау қажеттігіне тоқталды. Сонымен қатар»Сыр медиа» ЖШС бас директорының орынбасары, 6 баланың әкесі Дәурен Омаров бала ес білгеннен бастап, оның құлағына «сен ертеңгі шаңырақ иесісің, болашақ әкесің, арқа сүйер азаматсың, сондықтан да жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» деген сөздерді құйып отыру маңызды екенін еске салды. Ал, Жандос Тұсмағамбетов үлгілі отбасы болып қалыптасу үшін тәрбиенің орны жоғары екенін тілге тиек етті және отбасындағы барлық мәселенің алдын алуда түсіністік керек екенін айтты.
Шарада «Әкелер кеңесінің» төрағасы Гани Байулов қорытынды сөз сөйлеп, кеңестің мән-маңызын, мақсат-міндетін тарқатты.
«Әкесіз ұл – шатырсыз үй. Сондықтанда әке мәртебесін көтеру, бала тәрбиесіндегі әкенің рөлін күшейту мәселесі күн тәртібінен түспейді. Жастар осындай тағылымды шаралардан ой түйіп, айтары бар, қоғамда өзіндік орнын қалыптастырған азаматтардың тәліміне сусындауы тиіс», – деді төраға.
05 желтоқсан 2020 ж. 692 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 330
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031