28 миллион теңгеге өлең оқу кешін ұйымдастырған Мақпал Мыса деген кім?
Танымал ақын Мақпал Мысаның 28 миллионға әдеби кеші қазақстандық БАҚ назарынан тыс қалмады. Бұл қаражат бюджеттен бөлінген екен, бұған қоса, журналистер іс-шараны ұйымдастыруға байланысты жасалған келісімшартты да нысанаға алған. Мақпал Мыса деген кім? Мәселенің шығуына не түрткі болды? Бұл туралы Stan.kz тілшісі анықтап көрді.

Zertteu Research Institute мәліметінше Мақпал Мысаның бесінші өлеңдер жинағы бойынша кітабының тұсаукесеріне орай әдеби кеш биыл 23 ақпанда Nomad City Hall театрында өтіпті. Техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мерзімі ақпан-наурыз деп көрсетілсе, келісімшарттың өзі тек 3 сәуір жасалыпты. Ең қызығы мемлекеттік сатып алулар сайтында іс-шараны ұйымдастыруға бюджеттен 28 миллион теңге бөлінгені көрсетілген.
Ашық дереккөздердегі мәліметтерге сүйенсек, Мақпал Мыса 1983 жылы 26 желтоқсанда Алматы облысы Райымбек ауданы Қайнар ауылында дүниеге келген. Ол - XVI ғасырда өмір сүрген би және поэт Шоған абыздың ұрпағы. Болашақ ақын өлеңдерін 10 жасынан бастап шығара бастапты. Мектепте оқып жүрген сәтінде бірнеше республикалық жарыстардан жүлделі орындарды иеленіпті. Өзі өлең жазып жүріп, басқа тілдерде жазылған шығармаларды да аударумен айналысады.

Мақпал Мысаның есімін 2019 жылы "100 жаңа есім" жобасының іріктеуінен кейін бүкіл Қазақстанға танымал болды. Осы жылы ақпан айында Елбасының республикалық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау кезінде Мақпал «Алыстама» деген өлеңін оқып, дүйім жұртты тебірентеді.
