» » COVID-19: ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

COVID-19: ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

ЖАҚЫНДА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ КОРОНАВИРУС ІНДЕТІНІҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІНЕ ДАЙЫНДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТКІЗДІ. ЖИЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ЕЛДЕГІ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛҒА ТОҚТАЛЫП, ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ПЫСЫҚТАДЫ. ЕНДІ ЕЛІМІЗДЕ БҰЛ КЕҢЕСТЕН СОҢ ҚАНДАЙ ШАРАЛАР АТҚАРЫЛМАҚ?


Әлемнің кейбір елдерінде коронавирустың екінші толқыны басталып кеткені бізге дайындықты күшейтуге бірден бір себеп. Елдегі тұрақты ахуалға қарамастан, бұрын жіберілген қателіктен сабақ алып, екінші толқынды мейлінше оңай еңсеру – Мемлекет басшысының басты тапсырмасы. Ол үшін ең алдымен тест жұмыстарын жүргізу. Мәселен, елдегі зертханалар күніне 40-60 мың талдау жұмысын жүргізуге қауқарлы болса да, бізде тәулігіне тек 18 мың тест тапсырылады. Биылғы 5 қазанмен есептегенде 100 мың тұрғынға шаққанда Қызылорда, Алматы облысы мен Шымкент қаласында тест тапсыру саны ең аз. Ал Атырау мен Батыс Қазақстан облысы сынама тапсыруда максималды көрсеткішке жеткен. Қасым-Жомарт Кемелұлы мұның басты себебі – тесттің бағасында екенін айтты. Осы себептен Үкімет пен өңір басшыларына тест тапсыру бағасын қолжетімді қылуды тапсырды. Одан бөлек, Ресеймен салыстырғанда әлдеқайда қымбат тұратын бетперделердің бағасын да төмендету керек екенін тілге тиек етті.

Екіншіден, дәрі-дәрмек қоры мен медициналық мекемелердің дайындығын реттеуді тапсырды. Себебі Денсаулық сақтау министрлігі өңірлердің дайындық барысын тексергенде Маңғыстау және Алматы облысында емхана мен ауруханалардың дайындығы нашар екені анықталған. Одан бөлек, Президент мониторингтік топтардың тексеріс жүргізуі бәсеңдеп қалғанын айтты. Әлеуметтік желіде жиын-тойлардың жазбалары көбейді. Осының бәрін алдын алу үшін мониторингтік топтар жұмысын жандандыруы тиіс.

Пандемияның екінші толқынында дәрігерлерге тағы да қызу жұмыс істеу қажет болатыны сөзсіз. Ал оларға қолдау білдіру мақсатында Мемлекет басшысы екінші жартыжылдықта үстемақы төлеуге 150 миллиард теңге бөлген. 2020 жылдың 30 қыркүйегіне дейін коронавирустан 182 медицина қызметкері көзжұмған. Ал жәрдемақы тек 37 отбасыға ғана төленген. Осы олқылықтың алдын алу үшін Үкіметке қайтыс болғандардың отбасына ешқандай тексеріссіз тиісті жәрдемақыны түгелдей төлеу тапсырылды. Сондай-ақ Үкіметке ана мен бала денсаулығы жайлы ұмытпау керектігі ескертілді. Себебі былтырғы 8 айда елімізде – 36 әйел қайтыс болса, биыл бұл көрсеткіш – 131-ге жеткен. Президент оларға неге көмек көрсетілмегені мен қандай шаралар қабылдап жатқаны маңызды сұрақ екенін айтты. Сондықтан Президент Әкімшілігіне ана мен баланы қорғау мен көмектесу міндетті болғандықтан мәселені шешуді тапсырды.

Сондай-ақ Қ.Тоқаев шекарадағы өткізу пункттеріндегі бақылауды күшейтуді, әкімдерге стратегиялық объектілерді дайындауды және азық-түлік қауіпсіздігі мен баға тұрақтылығын реттеуді, одан бөлек осы кезге дейін жиналған астық өнімін сақтау мен ауылшаруашылық мамандарына өнімді сыртқа шығаруға көмектесуді тапсырды. Ветеринария қызметінің дамуы төмен екендігін құс тұмауы дәлелдеп берді. Осы себептен Үкіметке ветеринариялық қызметті нығайту үшін жаңа шаралар қабылдау керегін айтты. Пандемия кезінде әлемдік дағдарыс орнағанмен, Қазақстанның экономикалық және қаржылық тұрақтылығын реттеуде Үкімет жақсы жұмыс істеді. Енді екінші толқында антикризистік шараларды күшейту қажет.

Сенімділік – пандемиямен күресте маңызды орын алды. Сол үшін халықпен тығыз байланыста болып, олардың сын-пікірін ашық түрде қабылдау мен реттеу маңызды. Бизнес пен азаматтарға ахуалды ушықтырмау үшін санитариялық және профилактикалық талаптарды сақтау қажеттігі айтылды.

– "Төртеу түгел болса, төбедегі келеді" деген дана халқымыз. Біздің барлық жетістіктеріміз, ең алдымен ауызбіршіліктің арқасы. Осыны ұмытпаған жөн, – деді Президент жиын соңында.

Аслан ЖАЙҚОНЫСҰЛЫ
13 қазан 2020 ж. 441 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031