» » Сыр бойынан сүйкімді жаңалық!

Сыр бойынан сүйкімді жаңалық!


Биылғы жыл - Абайдың мерейлі жылы! “Мыңмен жалғыз алысқан” Абайдың өзіндей мерейлі жылы да мазаны кетірген ғаламдық мұң-дертпен арпалысуда! Соған қарамастан ел елдігін білдіріп, қардарлы жылдың қаде-қауметіне қатынасудан қалғысы жоқ! Бір аймақ бюстін қашауда, бір облыс даңғылға атын беруде, енді бірі кітабын шығарып, оны әлем тілдеріне аударуда! Ал, біздің ел, жырдың елі, Сырдың елі Қызылорда - классик ақынға құрметті классикалық деңгейде көрсетті!

Опера театры, балет институты жоқ Сыр елі өзін тел еміп өсіп, өлкесінде өмір сүріп жатқан саф өнердің саңлақтарының басын қосып, сұлу дүние, сүйкімді жаңалық жасады! Анығырақ айтсам, облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен облыстық филармония әртістері мен өңірдегі музыкалық колледждің студенттері “Абай” операсын көрермен назарына ұсынды! Ғажап емес пе?!

Қандай дүние шықты деңізші?! Сыр өнері деңгейін кәсіби биіктікте көрсеткен осы қойылымы арқылы өзінің кемелденген қалыпта келе жатқандығын, кәсіби біліктілігі мен мүмкіндіктерінің шырқау биіктегі шыңдарға ұмтылып бара жатқандығын тағы бір дәлелдеді! Қойылымда өнер көрсеткен таланттардың Абай образын ашуға, Абай өмір сүрген заманның бедер-бейнесін шынайы беруге деген ұмтылысы, мәртебелі өнерге деген ынтасы мені ерекше жігерлендірді, әрі, өздеріне деген құрметімді еселендірді! Ұтқаны - “Сыр шаңырағы” өнер, өлең алыбының рухымен өнер тілінде тілдесті, Сыр мәдениеті Абайдың өнерін сүйетін халықтың ықыласымен өнер тілінде үндесті!

Ең өкініштісі - осы бастамаға бастамашы болған Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Қаракөз Ақдәулетова апайымыздың осы тұсаукесерде төбе көрсете алмауы, өзі сонша қалаған тұсаукесерге қатысуына оның дәм-тұзының жетпеуі!..

P.S. Әлемдік өркениет - өнерінің, мәдениетінің дамуымен өлшенеді және бағаланады! Сол ғаламдық мәдени үдерістен қалыс қалмаған, ол сарынға өз үнін қосып, өз ізін қалдырған Сыр мәдениетіне, Қызылордалық өнер ұжымдарына осы еңбектері үшін жеке алғыс жолдағым келеді!

Мира Рахымжанқызы бастаған мәдениет басқармасының ерекше қолдауымен жанданған осы шығаршамашылық жетістік жалғасты болғай! Абай ұлылығының шарапаты Сыр дарындарына жұғым болғай! Қойылымда өнер көрсеткен барлық таланттар халықтың алғысты алақанында аяланған аяулы ғұмырдың иелері атанғай!
Мақсат ДАУЫЛБАЙ
28 қыркүйек 2020 ж. 437 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031