» » Аудан дәрігерлері марапатталды

Аудан дәрігерлері марапатталды

Шыр етіп жарық дүние есігін ашқан нәрестеден бастап, еңкейген қартқа дейін ақ халатты дәрігерлер қызметіне жүгінетіні рас. Олардың еңбегін қажетсінбейтін жан бұл өмірде кемде-кем. Өз істерінің нағыз шебері бола білген ақхалатты жандар талай адамның жүрегіне үміт отын жағып, өмір гүлін сыйлап келеді. Күнделікті үсті-үстіне ағылып келіп жатқан науқастарға ем-шаралар көрсетуден бөлек, аурухананың өзге де күйкі тірлігіне қарамастан кейіпкеріміз әрқашан жайдары мінез танытып жүруден жалыққан емес. «Гиппократ» антын қабылдап, сабырлылық пен салмақтылықты серік еткен олар адам жанының инженері десек артық айтқанымыз емес.

Елдегі жағдай олардың еңбегін еселегені рас. Алайда дәрігерлер сын уақытта сыр бермеуде. Сондай-ақ еңбектері де елеусіз емес.
Мәселен, бүгін перзентхана бөлімшесінің меңгерушісі, акушер-гинеколог дәрігер - Құрманбаева Раяш Шәкенқызы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" төсбелгісімен марапатталса,
жұқпалы аурулар бөлімшесінің меңгерушісі, инфектолог дәрігер – Мұхтар Анарқұлұлы облыс әкімі Г.Әбдіқалықова "Алғыс хатымен» марапатталды.

17 тамыз 2020 ж. 1 357 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№3 (10471)

13 қаңтар 2026 ж.

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 232
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 111

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031