» » Мина қойылған көлік жарылып, 7 полицей қаза тапты

Мина қойылған көлік жарылып, 7 полицей қаза тапты

Ауғанстанның орталық бөлігіндегі Газни қаласында болған жарылыстан жеті полицей қаза тауып, тағы 15 қызметкер жарақат алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Телеарнаның хабарлауынша, оқиға 8 тамыз күні кешке болған. Қоғамдық қорғаныс күштері бөлімшесінің жанында мина қойылған көлік жарылған. Жарылыстан кейін бірден бөлімшеге шабуыл жасалған. Бірақ шабуылдаушылар көп ұзамай жойылды.

Ауғанстанның Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Тарик Ариан жарақат алғандар Кабулға тікұшақпен жеткізілгенін, олардың үшеуінің жағдайы ауыр екенін хабарлады.

Әзірге ешқандай террористік топ шабуыл жасағаны үшін жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ.

09 тамыз 2020 ж. 595 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 994
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 224

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031