» » Дәрі-дәрмекті сатып алу рәсімдері жеңілдетілді

Дәрі-дәрмекті сатып алу рәсімдері жеңілдетілді


Қазақстанда дәрілік заттарға қажеттілікті қамтамасыз ету үшін маңызды жедел шаралар қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Препараттарды жоспарлау және сатып алу үшін барлық негізгі рәсімдер жеңілдетілді: дәрі-дәрмекті сертификаттау мерзімі қысқартылды және процедуралар 1 айдан 3 күнге дейін жеңілдетілді, бір жолғы әкелуге рұқсат бір тәулік ішінде берілетін болды. Ал COVID-19 емдеуге арналған жаңа препараттарды тіркеу процедурасы 6 айдан 2 айға дейін тездетілді», - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі Telegram желісінде.
Сонымен бірге, Ресей мен Үндістанға жасалған 6 әуе рейсі арқылы дәріханалардың бөлшек сауда желісі 4 млн қаптама дәрімен қамтылды. Олардың қатарында-вирусқа қарсы және ыстықты төмендететін препараттар, антикоагулянттар мен антибиотиктер және басқа да қажетті заттар бар. «Дәрі-дәрмектер өңірлердегі дәріханаларға біркелкі бөлінеді және дәрі-дәрмек қажеттілігін өтеу үшін мұндай шаралар үнемі ұйымдастырылатын болады. Барлық өңірлерде дәрі-дәрмекпен қамту үшін арнайы тұрақтандыру қорлары құрылды. Оның ішінде Алматы қаласында – 5 млрд теңге, Нұр-Сұлтанда – 1,2 млрд теңге, Шымкентте – 180 млн теңге, Ақтөбе облысында - 500 млн теңге, Шығыс Қазақстан облысында – 250 млн теңге қор бар», - дейді министрлік.

27 шілде 2020 ж. 691 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 864
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 121

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930