» » Бас санитарлық дәрігердің қаулысы шықты

Бас санитарлық дәрігердің қаулысы шықты

Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 03.07.2020 жылғы "Қызылорда облысы бойынша қатаң шектеу және карантиндік шараларды енгізу туралы" №16 қаулысы

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 7-1-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, 150-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» №239 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 03 шілдедегі «Қатаң карантиндік шектеу шараларын енгузу туралы» №44 Қаулысына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Қызылорда облысы бойынша қатаң шектеу және карантиндік шаралар енгізілсін.
Қызылорда облысының әкімдігіне, аумақтық мемлекеттік органдар, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына, құқық қорғау мен арнайы органдар қамтамасыз етуді:
1) көпшілік іс-шараларын (мерекелік, спорттық-көпшілік, ойын-сауық мәдени-көпшілік іс-шараларды, конференциялар, семинарлар, көрмелер және т. б.) өткізуге тыйым салуды;

2) тұрғылықты жері бойынша отбасылық іс-шараларды өткізуге тыйым салуды;

3) оқушылардың және мектеп жасына дейінгі балалардың экскурсиясына тыйым салуды;

4) кальянды пайдалануға тыйым салуды;

5) спа-салондардың, сұлулық салондарының, шаштараз, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар мен салондардың қызметіне тыйым салуды;

6) барлық мәдениет объектілерінің (театрлар, концерт залдары, мұражайлар, көрмелер және т.б.) қызметіне тыйым салуды;

7) меншік нысанына қарамастан білім және мектепке дейінгі балалар мекемелерінің (балабақшалар, жазғы тынуғу лагерьлері, коррекция және білім беру орталықтары, үйрмелер, қосымша білім беру орталықтары (репетиторлық, тілдік) қызмет көрсету саласы объектілерінің қызметін тоқтатуды;

8) діни объектілердің жұмысын тоқтатуды;

9) түнгі, компьютерлік, интернет және бильярд клубтарының, букмекерлік және лото- мото - конторлардың жұмыстарын тоқтатуды;

10) фитнес, тренажер залдары (орталықтары), спорттық комплекстер (үйірмелер, секциялар т.б.), қоғамдық монша, сауна, аквапарктертер, бассейіндер, пляждардын жұмыстарын тоқтатуды;

11) сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда-ойын-сауық кешендері жанындағы балалардың ойын алаңдарын, футкордтар, кинотеатрлар жұмыстарын тоқтатуды;

12) ашық алаңда орналасқан азық түлік көтерме базарларын және көліктен сатылатын ауылшаруашылығы өнімдерін қоспағанда, 500 м2 асатын азық-түлік емес дүкендердің тек жеткізу қызметіне рұқсат беріп, жәрмеңкелердің, азық-түлік және азық-түлік емес жабық базарларының, автомобиль, құрылыс, киім-кешек, мал базарлары мен адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің жұмысын тоқтатуды;

13) республиканың өңірлері мен қала/аудандар арасындағы жолаушылар автобус қатынасын уақытша тоқтатуды;

14) қоғамдық көліктің жұмысын демалыс және мереке күндері тоқтатуды, жұмыс күндері облыс, аудан орталықтарындағы қоғамдық көліктің жұмысына сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін шектеуді, бұл ретте көлікті 50 %-дан асырмай толтыру керек.

15) 3 адамнан артық жиналмау және 65 жастан асқан адамдардың сыртқа шығуын шектеуді;

16) онлайн форматта қызмет көрсету мүмкін болмаған жағдайда, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тәртібін алдын ала жазылу бойынша сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін шектеуді, демалыс және мереке күндері тыйым салынсын;

17) онлайн режимде көрсетілмейтін қызметтер үшін сағат 08.00-ден 14.00-ге дейін эпидемияға қарсы жұмыс режимін сақтай отырып, екінші деңгейдегі банктер, "Қазпочта" АҚ бөлімшелерінің қызметін шектеуді;

18) темір жол, аэропортта күтіп алу және шығарып салушылардың санын шектеуді;

19) қала/аудандар арасындағы жеке автокөліктің жүріп-тұруына рұқсат беруді;

20) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим талаптарын сақтай отырып, медициналық орталықтардың (жазылу бойынша) қызметіне рұқсат беруді;

21) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес уақыты және саны бойынша шектей отырып, қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне рұқсат беруді қамтамасыз етуді;

22) қоғамдық орындарға (демалыс саябақтары, саяжолдар, субұрқақтар, жағалаулар және басқа демалыс орындары) 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелеріне әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып баруға рұқсат беруді;

23) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, ұжымдық іс-шараларды өткізбей, ашық ауадағы және үй-жайда 30-дан аспайтын отыратын орын орната отырып, қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне рұқсат беруді;

24) такси қызметтері санитариялық-эпидемиологиялық, санитариялық-дезинфекциялық ережелер алгоритмдерін сақтай отырып 2 ересек адамға дейін немесе бір ересек адам екі кәмелетке толмаған баланы алып жүруі талаптарын сақтай отырып жұмысын сағат 07.00-ден 23.00-ге дейін шектеуді;

25) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін халыққа байланыссыз қызмет көрсету (автомобиль жуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы жөндеу және т. б.) объектілердің қызметіне рұқсат беруді;

26) жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін 9.00-ден 17.00-ге дейін белгілей отырып, бизнес-орталықтардың (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг көрсетілетін қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары және т.б.), айырбастау пункттерінің, ломбардтардың жұмысын ұйымдастыруды;

27) әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), ұлттық компаниялардың, басқа да кеңселердің қызметін қамтамасыз етуді. Бұл ретте қызметкерлердің кемінде 80%-ы қашықтықтан жұмыс істеу нысанында қалады (штат кестесінде 30-дан астам қызметкер болғанда).

Сонымен қатар, қашықтықтан жұмыс жасайтын қызметкерлердің шектеу және карантиндік шараларды қатаң сақтауын тапсыруды;

28) толтырылуы 50%-дан аспайтын талапты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы және туризм объектілері мен ұйымдардың қызметіне рұқсат беруді (қонақ үйлер, демалыс үйлері, туристік базалар және т. б.);

29) халық көп баратын жерлерді қашықтағы термометрлермен (денсаулық сақтау, авто және теміржол станциялары, әуежай және т.б.);

Қызылорда облысының әкімдігіне, Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына қамтамасыз етуді:
1) эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып, COVID-19-бен ауыратын науқастарды оқшаулау үшін инфекциялық стационарларда жеке төсектер бөлуді;

2) эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып, COVID-19 жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар науқастарды оқшаулау үшін жеке провизорлық төсектер (стационарлар) бөлуді;

3) барлық денсаулық сақтау ұйымдарында COVID-19 жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар пациент анықталған жағдайда оны оқшаулау үшін көрсетілетін медициналық көмектің ерекшелігін ескере отырып, үй-жайлар бөлуді;

4) провизорлық стационарға қосымша төмек орын керек болған жағдайда денсаулық сақтау объектілеріне жатпайтын ұйымдарда орналастыруды (қонақүй, жатақхана, санаториялар және т.б.) және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету мен эпидемияға қарсы жұмыс режимін сақтауды көздей отырып, карантин талаптарының сақталуын тәулік бойы қадағалайтын жеткілікті посттардын жұмысын;

5) медициналық ұйымдар базасында КВИ диагностикасы бойынша вирусологиялық зертханалардың жұмыс істеуін (оның ішінде облыстық тубдиспансерде);

6) профилактикалық егулерді қоспағанда, МСАК ұйымдарында жоспарлы медициналық қызметтер көрсетуді тоқтата тұруды;

7) халыққа үйде медициналық қызметтер кешенін көрсету үшін МСАК ұйымдарының жанынан ұтқыр әмбебап бригадаларды ұйымдастыру, оның ішінде дәрілік заттарды жеткізу бойынша;

8) созылмалы аурулары бар пациенттерді, егде жастағы адамдарды қашықтықтан динамикалық бақылауды күшейтуді;

9) үйде медициналық бақылау жүргізуді және үй карантині талаптарының сақталуын бақылауды;

10) медициналық ұйымдарда инфекциялық қауіпсіздік және медицина персоналын қорғау жөніндегі шараларды енгізу (аймақтарға бөлу, бейнебақылау, визуализациялау).

Қызылорда облысының полиция департаменті қамтамасыз етуді:
1) коронавирустық инфекцияның эпидемиялық тәуекелі бар адамдардың үй карантині режимін сақтауын бақылауды және провизорлық, карантиндік және инфекциялық стационарларда адамдарды күзетуді жалғастыруды;

2) Ұлттық Ұлан сарбаздарын тарта отырып (келісім бойынша) патрульдеуді жалғастыруды.

Қала, аудан әкімдіктері, аумақтық мемлекеттік органдар, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына, құқық қорғау мен арнайы органдар және меншік нысанына қарамастан барлық нысандар қамтамасыз етуді:
1) штаттық режимде жұмыс жасайтын дәріханаларды қоспағанда,
азық-түлік гипермаркеттері, оптомаркеттер, супермаркеттер, минимаркеттер, дүкендер, бірінші кезекте қажетті тауарлар (шаруашылық және гигиеналық тауарлар) саудасы жұмысын, кезектерде (1,5 метрден кем емес) ара қашықтықты сақтауды, бетперделік режимді, санитариялық-дезинфекциялық талаптар мен ережелерді қатаң сақтай отырып жұмысын жалғастырсын;

2) жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, қоғамдық көліктің әрбір рейс алдында, әуежай, теміржол және автовокзалдарды, супермаркеттер, базарлар, қоғамдық көлік аялдамаларын (күніне кемінде екі рет), балалар және спорт алаңдарын, көше орындықтарын, банкоматтарды, банк терминалдары мен POS-терминалдарды залалсыздандыруды;

3) адам көп жиналатын орындарда және халықтың тыныс тіршілігін қамтамасыз ететін нысандарда (ХҚКО-ы, коммуналдық меншік, тамақ өндірісі, қоғамдық тамақтану, вокзалдар, аэропорттар, қызмет көрсету саласы (ателье және т.б.) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді (қолды залалсыздандыруға арналған санитайзерлерді орнату, беткі қабаттарды күніне екі реттен кем емес өңдеу, дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып ылғалды тазалау, желдету);

4) медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, бейімдеу және әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған, интернат типіндегі оқу орындарында карантинді және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды қамтамасыз етуді (пациенттердің палаталар немесе бөлмелер арасында және қызметкерлердің бөлімшелер арасында жүруіне, келушілер мен сырттан тамақ қабылдануына тыйым салуды);

5) жеміс-жидектер мен көкөністерді қоспағанда, азық-түлік өнімдерін пакетте сату түрінде;

6) сауда, қоғамдық тамақтану объектілерінде халыққа ауысымында және бүтіндігі бұзылған кезде кемінде екі рет ауыстыруға жататын бір рет қолданылатын қолғаптармен (сатушылар, аспаздар, даяшылар, кассирлер және тамақ өнімдерімен тікелей жанасатын басқа да адамдар) қызмет көрсетуді;

7) COVID-19-дың профилактикасы мәселелері бойынша халықты үнемі ақпараттандыруды, халық арасында үрейленудің алдын алу жөнінде шаралар қабылдауды;

8) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларымен бекітілген санитариялық-дезинфекциялық режим алгоритмдерін сақтауды.

Қала, аудан әкімдіктері:
1) мобильдік топтар шектеу және карантиндік шаралар кезінде қызметті жүзеге асыратын нысандарды Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларымен бекітілген санитариялық-эпидемиологиялық, санитариялық-дезинфекциялық режимдер алгоритмдері талаптарымен таныстыруды;

2) нысандардың Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларымен бекітілген санитариялық-эпидемиологиялық, санитариялық-дезинфекциялық режимдер алгоритмдері талаптарына сәйкестігін мониторингілеу жүргізуді. Мобильдік топпен бұзушылықтар анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес шаралар қабылдауды күшейтуді.

7.Әуежай, теміржол және автовокзалдардың басшылары:

1) әуе кемелері мен құрамдарды келгеннен кейін, оның ішінде қызмет көрсететін жердегі жабдықтар мен көлікке қорытынды дезинфекция жүргізуді;

2) әрбір рейстен кейін әуе кемелерін, құрамдарды және көлікті ағымдағы профилактикалық дезинфекция жүргізуді;

3) жолаушыларды түсіруге және отырғызуға тартылған әуежай терминалдарының, теміржол және автовокзалдардың барлық үй-жайларын ағымдағы профилактикалық дезинфекция жүргізуді.

Қызылорда облысының тұрғындары мен қонақтары эпидемиологиялық ахуал тұрақтанғанша қоғамдық және адамдар көп жиналатын орындарда бетперде киюге міндетті.
Қала, аудандардың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері аумақта қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдауға құқылы.
Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 16 маусымдағы «Шектеу және карантиндік шараларды күшейту туралы» №15 қаулысының күші жойылсын.
Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Осы қаулы 2020 жылдың 5 шілде 00 сағат 00 минуттан бастап күшіне енеді.




Қызылорда облысының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері А. Абдикаимова
05 шілде 2020 ж. 1 239 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031