» » Президент Төтенше жағдайды ұзарту туралы Жарлыққа қол қойды

Президент Төтенше жағдайды ұзарту туралы Жарлыққа қол қойды


ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың қолданысын ұзарту туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды
Kyzylorda-news.kz.

***

Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың қолданысын ұзарту туралы

«Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен енгізілген Қазақстан Республикасының барлық аумағындағы төтенше жағдайдың қолданысы 2020 жылғы 11 мамырдағы 00 сағат 00 минутқа дейін ұзартылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 29 сәуір
№310
29 сәуір 2020 ж. 935 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 212

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930