» » Рэп: Өнеді ме, сөнеді ме?

Рэп: Өнеді ме, сөнеді ме?



Негізінен суырып салмалық әдістен тұратын бұл өнер түрі өткен ғасырдың 70 жылдары афроамерикандықтар арасында пайда болған. Рэп – тілге жеңіл әрі тез жатталатын, тыңдарман қауымға белгілі ритм арқылы жететін музыканың ерекше түрі, хип-хоп жанрының негізінде пайда болған. Рэп өнерінің тарихына сенсек, ең алғашқы таратушысы – Джек Гибсон. Радиода жүргізуші қызметін атқарып жүрген кезінде ең алғаш орындап, кейін тыңдарманға "Джек-Рэпер" деген атаумен танылған.

Кейінірек көшеге таралып, әлі күнге дейін "трендтер" қатарынан табылып жүр. Ағылшынша "rap" – "дүрсіл", "соққы" деген мағынаны білдіреді. Сондай-ақ бұл сөз "Rhytm and Poetry", яғни "ырғақ және поэзия" сөздерінің қосындысынан шыққан. Бұл өнер көбіне жас өнерсүйер қауымның арасында танымал. Күллі әлемге таралған бұл жанр қазақстандықтар арасында да тарап, бүгінгі таңда шоу бизнестен өз орнын тапты. Қазақша рэптің шығуы жастар- ды ана тілінде өлең тыңдауға на- сихаттады. Себебі ол кезде жастар көбіне орысша әуендерді тыңдайтын. Қазіргі таңда қазақ тіліндегі хип-хоп орындаушылардың аудиториясы артып, жас тыңдарман қауымның көңілі шет елдің өнер иелеріне ауып кетпеуіне тосқауыл болды.


Біздің елдегі рэп оқитындардың өнері күллі әлемге танылмаса да, ел ішінде үлкен атаққа ие. Олардың кейбірі қазақ жерін ел мен жаудан қорғаған батырлардың ерлігін насихаттап, біраз жақсы дүниелер жазды. Бұл тұста елге белгілі әнші Ерболат Құдайберген Жұбан Молдағалиевтың "Мен қазақпын" өлеңін рэп жанрында орындап, ерекше танылды. Сондай-ақ 2010 жылда- ры "Жақау", "Шыңғыс", Жан Ахмадиев, "Тайфун" секілді орындаушылар ерекше танылды. Олар бұл салада әркім өзінің бағытын таңдап, сол тақырыпта бірнеше рэп жазды. Онымен қоса, олар өзара баттл (рэп айтыс) ұйымдастырып, тыңдарманның қызығушылығын арттырды. Сол уақытта олар қазақша рэптің негізін қалап, өнерсүйер жастарға жаңа бір жанрды насихаттады. Ал қазір олардың кейбірі жеке өміріне көп көңіл бөліп өнерден алыстаса, енді бірі осы салада жаңа шәкірт тәрбиелеуде.


Одан бөлек рэперлерге өлеңге арналған минус жазып, музыка индустриясында еңбек етуде. Ал өз кезегінде жас өнер иелері олардың әннің сөзі жазылмаған минусовканы, музыканы сатып алып, өзіндік жаңа бір рэп әуенін шығарады. ТМД елдеріне танылған қазақстандық рэперлер де бар. Олар негізінен өнерін орысша тілде орын- дап, миллиондаған тыңдарман жинап үлгерді. Бұл тұста ерекше орын алған рэперлер Скриптонит және Jah Khalib. Бұл күнде олар жыл сайын жаңа альбом жазып, өз тыңдармандарына ұсынуда. Гастрольдік сапар ұйымдастырып, жүз мыңнан аса көрермен жинайды.Осы салада жүріп, өзге елдің тұрғындарына Қазақстанды насихаттауда. Тіпті кейде Қазақстан десе олар осы рэп орындаушыларды ойға оралтады.


P.S. Бұл өнер саласын жақтайтын да, даттайтын да қауым бар. Десе де қоғам арасында өз орнын таба білген салада талай жас қазақ еңбек етіп, тыңдарманға өлеңін ұсынуда. Кейде тіпті қазақ рэперлерінің өлеңдері әлемдік топ-чартта үздіктер қатарынан табылып, бірнеше шығармалары хитқа айналуда. Яғни, біздің елде рэп өнері кенде қалып қойған жоқ.

Аслан НҰРАЗҒАЛИ
09 маусым 2020 ж. 1 092 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 061

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031