» » Microsoft тілдер тобына қазақ тілін қосты

Microsoft тілдер тобына қазақ тілін қосты


Microsoft компаниясы Microsoft Translator тілдер тобына қазақ тілін қосты. Бұл туралы компанияның сайтында жазылды.

Тілге қатысты кедергіні жою жөніндегі миссиямызды жалғастыру барысында Microsoft Translator тілдер тобына қазақ тілін қосқанымызды хабарлаймыз. Qazaqsha не Qazaq Tili Қазақстанда, Қытайдың батысында, Моңғолияның батысында, Ресейдің оңтүстігінде және әлемнің басқа елдерінде қолданылады. Қазақша сөйлейтін 22 миллионға жуық адам бар, - делінген хабарламада. 
Сондай-ақ алдағы күндерде қазақ тілі Microsoft-тың аударма жасайтын қолданбалары, баптаулары, Office бағдарламасы, Bing-ке арналған аудармашыда және кәсіпкерлер мен бағдарлама жасаушыларға арналған Azure Cognitive Services аударма қызметі сияқты жобаларында қолжетімді болатыны жазылды.
Бүгінде кирилица әліпбиімен терілген мәтінді Microsoft Translator-де қазақшаға не басқа 60 шақты тілге аударуға болады.

BAQ.KZ
07 маусым 2020 ж. 726 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 978
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 207

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031