» » Облыс бойынша саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы 400-ге жуық өтінім қаралды

Облыс бойынша саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы 400-ге жуық өтінім қаралды


Жазықсыз жазаға тартылғандар туралы сыры ашылмаған тарихи құжаттарды және басқа да ақпараттарды қолжетімді ету мақсатында Ішкі істер министрлігінде «Мемориал» сервисі құрылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы «Мемориалға» Қызылорда облысы бойынша 6 мыңға жуық адамның қуғын-сүргінге ұшыраған мәліметтері туралы ақпараттар енгізілген. Қызылорда облысының Полиция департаменті мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Департаментінен қуғынға ұшыраған не ақталған азаматтарға қатысты қылмыстық істер, сонымен қатар Ұлы Отан соғысы кезінде тұтқынға түсіп, Германиядан келген бұрынғы КСРО азаматтары туралы іріктелген материалдар қабылданды. «Мемориал» сервисінің әлеуметтік-саяси маңыздылығы ел өңірлерінен және ТМД елдерінің тұрғындарынан келген хаттарда айқын жазылған. пазылбек нәлібаев, облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары:
– Бүгінде біздің департаментке қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың туыстарынан өтініштер келіп түсуде. Олардың 400-ге жуығы бүгінгі таңда нәтижесін тапты. Өмірдің осынау қиын кезеңінен бастап басынан кешірген туыстары туралы мағлұмат іздеген азаматтар үшін біздің берген ақпаратымыз баға жетпес байлық. Сондықтан алдағы уақытта да бұл жұмыс жалғасын табады.

03 маусым 2020 ж. 764 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 199
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 49

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031