» » Сырдария өзеніне 14 жасар бала суға ағып кеткен

Сырдария өзеніне 14 жасар бала суға ағып кеткен


ЖОСАЛЫ, 29 мамыр – qarmaqshy-tany.kz Қармақшы аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі 2020 жылдың 27 мамырында жергілікті уақытпен 20 сағат 40 минутта Байқоңыр қаласы, «Источник» демалыс орны маңындағы Сырдария өзеніне шамамен 14 жасар С.Н. есімді баланың суға ағып кеткенін хабарлайды.












Жаз басталса өзенге барып шомылу үйреншікті жағдай. Ал суға түсу барысында қауіпсіздік шарасын сақтау басты міндет. Суға кеткен адамды құтқару кезінде мына ережелерді есте сақтау шарт.

Зардап шегушіні суда шығарғаннан кейін оған тезірек оттегі беру керек. Сондықтан оның дем алуын және тамыр соғысын анықтаңыз. Тамыры соқпаса, ауызбен дем беру қажет. Бас бармақ және сұқ саусақпен адамның мұрның қатты қысып, демді ішке терең алып, оның аузына минутына 18-20 рет дем жібереді. Сонымен қатар оның жүрек соғысын ұдайы қадағалап отыру керек. Егер жүрек соғысы тоқтап қалса, массаж әдісін қолданған дұрыс. Ол үшін адамның жүрек тұсына екі қолды айқастырып, одан соң сол жерді минутына 70 рет жиілікпен басқан жөн (5 рет басып, 1 рет ауа үрлеу керек). Зардап шегушінің жүрек соғысы мен тыныс алуы қалпына келген соң, оның ішіндегі суды сыртқа шығаруға тырысу қажет.

Еркін НАЗАРҚҰЛОВ,
аудандық Төтенше
жағдайлар бөлім бастығының
міндетін атқарушы азаматтық
қорғау майоры
29 мамыр 2020 ж. 1 137 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 410
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728