» » Бұл қоңырау бұрынғыдан өзгерек…

Бұл қоңырау бұрынғыдан өзгерек…


Бүгін елімізде кезекті оқу жылы аяқталды, деп жазады kyzylorda-news.kz.


Карантиндік шектеулерге байланысты биыл соңғы қоңыру жылдағыдан өзгеше – онлайн түрде өтеді. Яғни бұл күні оқушылар әдеттегідей мектепте емес, интернет платформалардың бірінде кездеседі. Ондағы мақсат – жұқпалы індеттің таралу мүмкіндігін төмендету.
Бала шақтан болашаққа өтудің алғашқы белгісіндей болған соңғы қоңыраудың үні биыл өзгеше. Әдетте мереке-думанның ордасына айналатын мектептер бұл жолы қаңырап бос тұр. Себебі белгілі. Рас, гаджет пен смартфонның арқасында биыл да түлектер бас қосады. Әркім әр жерде жүрсе да, арқа-жарқа болып, бір-бірінен құттықтау қабылдайды. Алайда адам өмірінде бір-ақ рет болатын бұл сәтті ешбір жоғары технологияның жеткізе алмайтыны анық.
Карантиндік шектеулерге байланысты дәстүрлі соңғы қоңырау шарасы биыл онлайн сипатқа ие болды. Бұл күні Білім және ғылым министрі оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, түлектерге сәт-сапар тілейді. Бұдан соң әр мектепте сынып сағаттары өтеді. Оқушылар мен ата-аналар әдеттегідей сыныпта емес, интернет платформалардың бірінде кездеседі.

«Әр мектепте, әр сыныпта сынып сағаты форматында жиындар өтеді. Оған сынып жетекшісі жауапты болады. Себебі жылды қорытындылап, белсенділік танытқан оқушыларды атап өту керек. Олардың еңбегін жоққа шығара алмаймыз, сондықтан бұл шара онлайн түрде өтеді», – дейді ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Әлеуметтік желіні шарлап кеткен бұл ән 2020 жылғы түлектердің әнұранына айналды. Жоғарғы сыныптың қай оқушысын тыңдасақ та, айтары осыған саяды. Алтын ұядан түлеп ұшқалы отырғандардың арасында әннен бөлек, көңіл-күйін өлеңмен жеткізгендер де кездеседі.
Соңғы қоңырауы қалыптасқан дәстүр бойынша мамырда өтпеген жалғыз бұл буын емес. Мәселен, журналист, «Хабар 24» телеарнасы аймақтық тілшілер желісінің бас редакторы Бағдат Бектұрғанқызы мектепті Қызылорда облысында 1997 жылы тәмамдаған. Жалпы, 90-жылдардағы елдің ахуалы белгілі. Мемлекет тарихындағы осынау бір күрделі кезең оқу процесінде де көрініс тауыпты.   

«Біз мектеп бітіретін жылы елдің әлеуметтік жағдайы қиын болды. Қараңғыда, майшаммен сабақ оқыған кездер де болды. Мектепке айлап бармаған кездер де болды. Соның әсерінен біз мектеп бағдарламасын толық игеру үшін сол жылы бір айға кеш бітірдік. Біз қандай қиын кезеңде бітірсек те, бір бірімізді қатты бағалап өстік. Қазір де бағалаймыз. Сондықтан биылғы бітіріп отырған түлектерге ешқандай қамығудың қажеті жоқ деп ойлаймын», – дейді «Хабар 24» телеарнасы аймақтық тілшілер желісінің бас редакторы Бағдат Бектұрғанқызы. 

Рас, биылғы түлектер 25 мамырда мектепке гүл алып келіп, оны ұстазына ұсына алмайды. Соңғы рет соғылған қоңырау үні де саналарында өзгеше жатталады. Есесіне, жауапты министрліктер өзара ақылдаса отырып, мектеп бітіру жөніндегі куәлік тапсыру кешін ұйымдастыруға рұқсат беріпті. Бұл шара барлық сақтық шаралары ескеріліп, 3 және 4 маусым күндері өтеді деп жоспарланып отыр.
25 мамыр 2020 ж. 846 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 079

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031