» » Ауыл тұрғындары коронавирус жұқтырғаны үшін әкім қызметінен босатылды

Ауыл тұрғындары коронавирус жұқтырғаны үшін әкім қызметінен босатылды

Қазір ауылға кіреберіс тұсқа блок-посттар қойылып, күзет күшейтілді.

Ауыл тұрғындары коронавирус жұқтырғаны үшін әкім қызметінен босатылды

Маңғыстау облысының Қарақия ауданына қарасты Сенек елді мекенінде 23 адам коронавирус жұқтырғаны үшін ауыл әкімі қызметінен босатылды.
Індет алдымен көп адамды жиып, ас берген үйден шыққан. Кейіннен сол жиында болған біраз адамға жұққаны белгілі болды, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Аядай ауылда карантин ережесін сақтауды қамтамасыз етпегені үшін облыс басшысының шешімімен ауыл әкімі жұмыстан шеттетілді. Ал аудан әкіміне сөгіс жарияланды.
Қазір ауылға кіреберіс тұсқа блок-посттар қойылып, күзет күшейтілді. Вирус көп тараған аудандар арасында Бейнеу мен Қарақия көш бастап тұр. Бейнеу ауданында 37 тұрғыннан КВИ анықталды. Арасында қоғамдық жұмыс өкілдері мен дәрігерлер де бар. Қазір бұл қос ауданда карантин режимі күшейтілген. Отбасылық жиын жасауға қатаң тыйым салынған.
Жалпы, 3 наурыздан бастап аймақта 11 186 адам коронавирусқа тексеріліп, індет 129 адамнан анықталды.
Айта кетейік, Маңғыстау облысында карантин 25 мамырға дейін ұзартылды.
"Облыс көлемінде тіркелген 129 науқастың бесеуі шетелден келген. Біз Стамбұлдан бір жолаушыны күтіп алдық, сосын Санкт-Петербург пен Астраханьнан студенттер келген. Жергілікті тұрғындардың саны – 36, оның 20-сы, өздеріңіз білесіздер, Атырау ТШО компаниясында жұмыс істеген. Сосын олармен қарым-қатынаста болған 88 адам бар", - деп түсіндірді облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерғали Сыдыманов.  


13 мамыр 2020 ж. 669 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 128

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930