» » Қазақстанның басым бөлігі жауын-шашынды болады

Қазақстанның басым бөлігі жауын-шашынды болады

Қазақстан аумағының басым бөлігіне солтүстік-батыс және оңтүстік циклондар және онымен байланысты атмосфералық ағымдар ықпал ететін болады, – деп хабарлайды BAQ.KZ.

Соның салдарынан жауын жауып, елдің оңтүстігіне, оңтүстік батысында нөсер жауын жауады. 

Елдің тек шығысында ғана күн ашық болады. Кей жерлерде жел күшейіп, найзағай ойнап, бұршақ жаууы да ықтимал. Оңтүстік батыста түнде және таңертең тұман түседі. 

Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел күшейеді, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, бұршақ жаууы да ықтимал. 

Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының бірқатар аумағында найзағай ойнап, жел секундына 15-20 метр жылдамықпен соғады. Бұршақ жаууы да ықтимал. 

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде найзағай ойнап, жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Шығыс
Қазақстан облысында және күндіз Павлодар облысында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. 

Қарағанды облысының кей
жерлерінде найзағай ойнап, күндіз соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Ақмола облысында да жел күшейіп, секундына 15-20 метр жылдамдықпен еседі. Күндіз найзағай ойнайды. 

Мағыстау облысында найзағай ойнап, түнде және таң ата тұман түседі.

10 мамыр 2020 ж. 909 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 206
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 78

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031