» » Дүйсенбіде Қазақстанда ауа райы қандай болады

Дүйсенбіде Қазақстанда ауа райы қандай болады



Еліміздің басым аумағында ауа райы құбылмалы болады деп болжанып отыр, кей жерлерде жаңбыр жауады  
НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым — Sputnik. Қазгидрометтің синоптиктері 3 маусымға ауа райы болжамын жариялады. 
"Басым аумақта ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде жаңбыр жауады, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста – нөсер жауын, республиканың батысында ғана күн ашық", - деп хабарлады метеорологтар.
Сондай-ақ кей жерлерде найзағай ойнап, жел күшейеді деп болжанып отыр, дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.

Өңірлердегі ауа райы

  • Ақмола, Жамбыл және Түркістан облыстарының кей жерлерінде күн күркіреп, дауыл соғып, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
  • Павлодар, Алматы, Шығыс Қазақстан, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында кей жерлерде күн күркірейді, желдің күші секундына – 15-20 метр. Атырау облысында – кей жерлерінде шаңды дауыл, Шығыс Қазақстан, Алматы, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.
  • Қызылорда облысында кей жерлерде күн күркіреп, дауыл тұрады, желдің жылдамдығы секундына 20 метрге жетеді.
  • Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге күшейіп, түнде кей жерлерде найзағай ойнайды деп болжануда.
  • Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында кей жерлерде күндіз аптап ыстық болады деп болжануда.
  • Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда және Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өрт шығу қаупі бар.

02 маусым 2019 ж. 1 032 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№63 (10531)

22 тамыз 2026 ж.

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 719
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 166

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31