» » COVID-19: Қауіпті індет жұқтырған қала тұрғынымен бір ұшақта 165 жерлесіміз болған

COVID-19: Қауіпті індет жұқтырған қала тұрғынымен бір ұшақта 165 жерлесіміз болған


Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияны жұқтырған науқастар саны 157 адамға жетті. Соңғы тәулікте жаңадан анықталған 6 жағдайдың мән-жайын бүгін облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтып берді. Бұл туралы
Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі хабарлады.
«Қазіргі таңда Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияны жұқтырған 157 жағдай тіркелді. Соңғы тәулікте жаңадан 6 жағдай анықталды. Науқастардың барлығы – Қызылорда қаласынан. Оның ішінде, үшеуі – алдында анықталған науқастармен жақын қарым-қатынаста болып, карантиндік бақылауға алынғандардың арасынан анықталды. Екеуі – Талсуат ауылындағы арнаулы әлеуметтік қызмет алушылардан тіркелді. Ал, біреуі – Атырау қаласында вахталық әдіспен жұмыс жасап келген. Бүгінде аталған науқастардың барлығы облыстағы инфекциялық ауруханаларға ауыстырылып, тиісті емдерін бастады», – деді Жақсылық Абдусаметов.
Оның айтуынша, COVID-19 індетін жұқтырған өңірдегі 157 науқаспен байланыста болғандардың жалпы саны – 2234. Оның ішінде, жақын қарым-қатынаста болғандар саны – 1181, потенциалды байланыста болғандар – 1035 адамды құрап отыр. Бүгінгі таңда барлығы бақылауға алынып, оқшауланған. Барлығының жағдайы қанағаттанарлық.
Сондай-ақ, бүгінгі таңда облысымыздағы жұқпалы аурулар ауруханасында – 128, правизорлық стационарда – 57, карантиндік стационарда – 462 адам бақылауда.
Брифингте Жақсылық Әбілқасымұлы мәлімдегендей, өткен тәулікте облысымызда коронавирустық инфекцияға байланысты 679 тест сынамасы алыныпты.
«Соңғы тәулікте 679 тест сынамасы жасалды. Оның 571 – теріс мәнді болып шықты. Алтауынан коронавирустық инфекция анықталды. Ал, 177 – әлі тексерілу үстінде», – деді ол.
Сондай-ақ, басқарма басшысы соңғы тәулікте анықталған науқастар туралы маңызды ақпаратпен де бөлісті. Оның айтуынша, Атырау қаласынан вахталық жұмыс жасап келген науқаспен бірге бір ұшақта 165 жерелсіміз болған.
«Соңғы анықталған жағдайларға байланысты маңызды ақпаратты жеткізгім келеді. Атырау қаласында вахталық әдіспен жұмыс жасайтын 165 азамат елге оралды. Оның біреуінен коронавирустық инфекция анықталды. Аталған науқаспен ұшақта жақын отырған 25 адам карантиндік бақылауға жатқызылды. Қалғандары үй карантиніне алынды», – деді Ж. Әбілқасымұлы.
Жақсылық Әбілқасымұлы сөзінің соңында сақтық шаралары әр тұрғынның күнделікті дағдысына айналуы керектігін жеткізді.
«Баршаңызды тағы да оқшаулау шараларын сақтауға шақырамын. Біз жақын қарым-қатынаста болғандарды 14 күн карантинге ала отырып, оның одан әрі таралмауының алдын аламыз. Осы 14 күн инкубациялық кезең, яғни, індеттің жасырын кезеңі болып табылады. Алдағы күндері карантин талаптарын жеңілдтеу жоспарда бар. Бұл инфекция табиғатта бар, жұғу жолдары да шектелмейді. Сондықтан, жеке бас гигиенасына, санитарлық нормаларға баса мән берген жөн. Сақтық шаралары әр тұрғынның күнделікті дағдысына айналуы керек. Мысалы, қазірден бастап қолды жиі жуу, жұмыс және үй бөлмелерін жиі желдету, есіктің тұтқасын, лифт түймелеріне қол тигізбеуге дағдыланыңыз», – деді спикер.
Айта кетейік, бүгін Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияға шалдыққан науқастардың саны 157 адамға жеткенін хабарлаған болатынбыз.
Оның ішінде, Қызылорда қаласында – 30, Жаңақорған ауданында – 30, Қармақшыда – 4, Шиеліде – 61, Сырдарияда – 26, Арал – 4, Қазалы ауданында – 2 жағдай тіркеліп отыр.
23 сәуір 2020 ж. 831 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 053

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031