» » COVID-19:Қызылордада науқастар саны 116-ға жетті

COVID-19:Қызылордада науқастар саны 116-ға жетті


Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияны жұқтырған науқастар саны 116 адамға жетті, деп хабарлайды kyzylorda-news.kz ақпарат агенттігі
Бүгін соңғы тәулікте жаңадан анықталған 12 жағдайдың мән-жайын облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтып берді.
«Қазіргі таңда Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияны жұқтырған 116 жағдай тіркелді. Соңғы тәулікте жаңадан 12 жағдай анықталды. Оның тоғызы – Сырдария, екеуі – Арал, біреуі – Қазалы ауданынан анықталып отыр. Сырдария және Арал аудандарында тіркелген науқастар бұрын анықталған науқастармен қарым-қатынаста болып, карантинге оқшауланған еді. Жаңа ошақ – Қазалы ауданының Майдакөл ауылында тіркеліп отыр. Бұл азамат аталған ауылға Нұр-Сұлтан қаласынан келген. Осы науқастардың барлығы жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылып, тиісті емдерін қабылдауды бастады», – деді Жақсылық Абдусаметов.
Оның айтуынша, облысымыздағы жұқпалы аурулар ауруханасында – 116 адам, правизорлық стационарда – 47, карантинде – 458 адам ем қабылдап жатыр. Барлығының жағдайы қанағаттанарлық.
Ал, Covid-19 індетін жұқтырған өңірдегі 116 науқаспен байланыста болғандардың жалпы саны – 1227. Оның ішінде, жақын қарым-қатынаста болғандар саны – 606, потенциалды байланыста болғандар – 621 адамды құрап отыр. Бүгінгі таңда барлығы бақылауға алынып, оқшауланған.
Басқарма басшысы атап өткендей, Қызылорда облысына қауіптілік деңгейі 1 (Б) елдерінен 100 адам келген. Оның бесеуі – стационарда, 95 – үй жағдайындағы карантинде бақылауда.
Брифингте Жақсылық Әбілқасымұлы мәлімдегендей, Сырдария ауданының Амангелді ауылынадағы 9 науқас – алдында анықталған науқаспен қарым-қатынаста болған. Осыған байланысты Амангелді ауылына қатаң карантин жағдайы енгізіліп, ауылдағы тұрғындардың бір-бірімен араласуы шектелген.
«Енді осы шектеу мәселелеріне келетін болсақ, қазіргі таңда Шиелі ауданының Қодаманов, Бала би, Сырдария ауданының Амангелді ауылындағы қатаң карантиндік шектеулерді жүзеге асыру барысында әскерилер, полиция қызметкерлері, әкімдік өкілдері, медицина мамандары және медициналық қадағалау қызметкерлері бірлесіп қызмет атқаруда. Әскерилер осы 3 ауылда толық залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, барлық анықталған ошақтар зарарсыздандырылды. Медицина қызметкерлері тұрғындардың жалпы медициналық қажеттіліктерін қамтамасыз етсе, әкімдік өкілдері азық-түлік, дәрі-дәрмек, күнделікті қажетті тұрмыстық заттармен қамтуда. Ал, полиция қызметкерлері жалпы тәртіпті, тұрғындардың шектеу талаптарын қамтамасыз етуді, оның ішінде, жол және жаяу қатынастарды тоқтатуды үйлестіруде», – деді басқарма басшысы.
Айта кетейік, бүгін Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияға шалдыққан науқастардың саны 116 адамға жетті.
Оның ішінде, Қызылорда қаласында – 12, Жаңақорған ауданында – 17 жағдай, Қармақшыда – 4, Шиеліде – 55, Сырдарияда – 23, Арал – 4, Қазалы ауданында – 1 жағдай тіркеліп отыр.
11 сәуір 2020 ж. 835 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 049

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031