» » «Кенеден келер кесір көп»

«Кенеден келер кесір көп»


Көктем келісімен,күн жылына бастағаннан-қыс бойы топырақтың,күл-қоқыстардың,қора-қопсылардың терең қуысында тығылып жатқан жәндіктердің барлығына жан бітіп,жердің бетіне шыға бастайды.Қысқы ұзақ тыныштықтан кейін жылынған жерге,табиғатта көп кездесетін жәндіктердің бірі-кене шыға бастайды. Кене адамға көптеген аурулар таратады,солардың қатарына Конго Қырым геморрагиялық безгегін жатқызуға болады.Бұл індеттің қауіпі бар кезеңі наурыздан бастап қарашаға дейін сақталады. Көбейетін мезгілі –сәуір,мамыр,маусым айлары. Конго Қырым геморрагиялық безгегінің вирусын таратушы және оны сақтаушы иксод кенелері,бұл кене вирусты тек кана өз организімінде сақтап қана қоймай,айналаға таратады.Қазір кенелердің оннан аса түрінде ауру қоздырғышының өсіп-өнетіндігі дәлелденген.

Кенелер үй жануарларының,жабайы аңдардың және құстардың қанын сорып қоректенеді.Организімінде ауру қоздырғышы бар кене қанын сорған жануарларына вирусты жұқтырады.Аталған ауру көктем және жаз айларында кездеседі. Ауа қызуы жоғарылап,күн сәулесінің күші көбейген сайын қыстан шыққан зиянкестерге де өте қолайлы жағдай туады.Қыстан ашығып шыққан кенелер қан соруға асығады. Олар бұл кездері малмен құсқа,жабайы аңдарға жабысады. Әдетте далалық жерге әр түрлі мақсатпен барушылар немесе жануарлармен қатынасы бар адамдар осы дертке душар болуы ықтимал. Кене адамға қадалып,қан сорған уақытта,ауру қоздырғышы оның сілекей бездері арқылы адам организіміне тарайды. Аты аталған жұқпалы ауру кенелердің тек қан соруы арқылы емес,оларды қолмен мыжып өлтіргенде немесе кенені малдың денесінен алып тастаған кезде жұғуы мүмкін. Конго Қырым геморрагиялық безгегінің жұғуы адамның терісіне кене қанының ішіндегі ауру қоздырғыш вирусының енуіне байланысты. Сырқаттың барысында төрт кезең байқалады(инкубациялық) басталуы,дамуы және сауығуы(не қайтыс болу) кезеңдері.Жасырын кезең вирустың денеге енген кезінен бастап аурудың белгі бере бастаған уақытты қамтиді. Орташа есеппен бұл уақыт 2-7 күнге созылады. Осы уақыттың ішінде адам денсаулығына өзгеріс байқалмайды. Дерт кенеттен басталады.Адамның басы қатты ауырып,денесі дел-сал болады,әлі құрып белі сырқырайды.Дене қызуы 39-41 грудусқа жетеді.Адамның беті,мойны,көкіректің жоғарғы жағы өте қызарып,көзі қанталап,көмекейі қызарады.2-3,кейде 4-5 күннен кейін сырқат адамның мұрнынан қан кетеді.Науқастың терісінің астына,әсіресе иық,кеуде, қарын терісіне азды-көпті қан құйылу жиі кездеседі.Қанның құрамында көптеген өзгерістер байқалады.Кейде асқазанға да қан құйылып,бұл ауру адамды қазаға ұшыратуы мүмкін.Конго Қырымқанды безгегінің бір қауіптілігі сол,осы аурумен сырқаттанған адамның қаны сау адамның денесіне тисе,осы дерттің жұғуына себепші болады.

Осы кезеңдерде кез келген адам сақтанып, табиғат аясына немесе сая жайларға шыққанда мұқият болғаны абзал.Кенесі көп жерде кенеден сақтану үшін арнаулы киім (комбинезон)киіп жүру қажет.Егер ол болмаса шалбардың балағын етіктің ішіне салып,көйлекті шалбардың белбеуімен қысып байлаған жөн. Сыртқы киімнің жеңін де жағасын да түймелеп алу керек.Кенесі бар жерде болған адамдар үйге қайтқанда,мойынды,қолтықтың астын мұқият қарағаны дұрыс.Егер кене қадалып қалса оның үстіне сұйық май(керосин)тамызса тұншығады.Жабыса қалған кенені ақырын алу керек.Бұл зиянкесті мұқият алмаса,оның аяғының тікенектері адамның терісінде қалып жара пайда болады.Кенені қолмен ұстап өлтіруге болмайды,өйткені оның вирусы қолға жабысып денеге өтіп кетуі мүмкін.

Міне,осы айтылғандар үнемі ескеріліп отырса,аурудың пайда болу мүмкіндігі азая түсер еді. Егер де сізді кене шаққан болса тез арада дәрігерге хабарлап,дәрігерлік бақылаудан өткеніңіз жөн.

Лариса Тынымбаева
ҚР ДСМ ТКҚСҚБК «ҰСО» ШЖҚ РМК Қызылорда облысы
бойынша филиалының Қармақшы аудандық бөлімшесінің
бактериологиялықжәне паразитологиялық зерттеу
зертханасының санитарлық-эпидемиологиялық қызмет маманы




20 сәуір 2020 ж. 750 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 041

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031