» » Қазақстанның коронавируспен тиімді күресуге әлеуеті жеткілікті – ДДҰ өкілі

Қазақстанның коронавируспен тиімді күресуге әлеуеті жеткілікті – ДДҰ өкілі

Дер кезінде қабылданған карантиндік шаралар Қазақстанға коронавирустың таралу қарқынын төмендетуге мүмкіндік берді. Мұндай пікірді Ресейдегі ДДҰ өкілі Мелита Вуйнович білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Пандемияның көптеген елдерде қалай етек алып жатқаны туралы деректерді зерттегенде, Қазақстан эпидемия басталғаннан бастап алғашқы төрт аптада айтарлықтай жетістікке қол жеткізгені белгілі болды. Өйткені ел эпидемия фазасын үш-төрт апта ішінде өзгерте алды. Бұл шаралар ДДСҰ ұсынымдарына толық сәйкес келеді. Мен қазақстандық эпидемияға қарсы жүйені жақсы білемін. Мменің әріптестерім өте жақсы нәтиже көрсетуде. Оған елдің әлеуеті жеткілікті, - деді ұйым өкілі.

Ол эпидемияның жалпы дамуын және қабылданған шаралар мен ұсыныстардың қаншалықты тиімді екенін қарастырғанын, сондай-ақ толық талдауды ДДҰ-ның елдік бюросынан алуға болатынын атап өтті.

ДДҰ өкілі қол жеткізген жетістіктер көбінесе мемлекеттің дер кезінде қабылдаған карантиндік шараларға және азаматтардың өзін-өзі қорғауының жоғары деңгейіне байланысты екенін айтты.

«Мен Интернетте әртүрлі қол жетімді тәуелсіз оқшаулау индексін қарауға қызығушылық таныттым, кездейсоқ Нұр-Сұлтандағы индекске көзім түсті. Онда мен Нұр-Сұлтан индексі 4,5 балды құрағанын көрдім. Бұл халықтың сақтық шараларын қатаң ұстанғанын көрсетеді», - деді М. Вуйнович.

«Салыстырмалы көрсеткіштерді бүгінде кеңінен қол жетімді оқшаулау индексінің мониторингімен бақылауға болады. Қазақстанда өте қысқа мерзімде, тура екі аптада, инфекцияның таралу қаупін азайтуға мүмкіндік туды. Ол кезде Нұр-Сұлтан қаласындағы оқшаулану индексі 4,5 балл деңгейінде болған, бұл аймақтағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі болды. Жағдай үнемі өзгеріп отыратынын есте ұстаған жөн», - деп толықтырды сарапшы.

15 сәуір 2020 ж. 532 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 206
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 80

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031