» » Елімен бірге Елбасы!

Елімен бірге Елбасы!

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіздік алған жылдардан бері халықты ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа шақырып келеді. Бүгінде дүниежүзін дүр сілкіндірген короновирус індеті өкінішке орай мемлекетімізді де айналып өтпеді. Елбасының «Бірлесе білген Ел Бәрін жеңеді» атты мақаласы халыққа сабыр беріп, жігерлендіргендей. Елбасы өз мақаласында кез-келген қауіп-қатерге, дертке дауа болатын халықтың күш-жігері мен ақыл-ойы, білімі мен ауызбіршілігінде екенін айтты.


Елбасының көреген саясатының арқасында мемлекетіміз тәуелсіздіктің ең алғашқы күндерінен бастап, әлемнің барлық мемлекеттерімен достық қарым-қатынас орнатып келеді. Егемендік алған жылдары ел экономикасын алға жылжыту үшін «Қазақстан-2050» Стратегиясы жасалып, «үдемелі индустриялық-инновациялық даму» бағдарламалары аясында әлемдік бәсекеге қабілеттілік артып, көптеген жаңа жаңғыру жолдары ашылды. Жүйелі жүргізілген реформалар нәтижесінде Қазақстан өзін азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етіп, әлемдегі астық экспорттаушы алғашқы алты мемлекеттің қатарына қосылғанымыз да реформалардың дұрыс болғанын өмір дәлелдеп отыр.

Барлығымызға белгілі Ата-заңымыздың бірінші бабында: «Қазақстан Республикасның ең қымбат қазынасы- адам және оның өмірі,» -деп жазылған. Сондықтан Елбасы денсаулық сақтау саласын дамытуға айрықша көңіл бөліп келеді. Елбасының ерен еңбегінің арқасында, «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы қабылданып, барлық өңірлерде заманауи ауруханалар мен емханалар бой көтергендігіне халық куә.
Бүгінгі күнде төтеннен келген дерттің алдын алу науқасты емдеу шаралары білікті жоғарғы кәсіби деңгейдегі дәрігерлердің арқасында көмек көрсетіліп жатқанын алға тартты. Елбасы Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемнің басына түскен ауыр жәйтты халықты сабырлыққа, ауызбіршілікке шақырып, ерік- жігер мен сенімнің арқасында жеңіп шығатынымызды атап өткен. Халыққа қажетті қаржылық-материалдық ресурстар, техника, азық-түлік барлыға да жеткілікті, халыққа алаңдаудың қажеті жоқ-деп үлкен сенімділікпен сабырға шақырып, елді алып қашпа әңгімелерден қашық болып, игілікті іспен айналысу керек екендігін атап өтті.

Елбасы өз мақаласында Бауыржан Момышұлының: «Тәртіпсіз-ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» -деген қанатты сөзін алға тарта отырып, осы қағиданы бекем ұстануға шақырды.

Бұл қиындықтан шығу үшін мемлекетіміз барлық жағдайды жасайтындығын және еліміздің әрбір азаматы қамқорлықсыз қалмайтынын айтып, сабырлыққа шақырып, елдің еңсесін көтергендей сенім ұялатып, Елбасы өзін елімен бірге екендігін атап өтті.

Ақзада Алайдарқызы Мадалиева.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штабтың мүшесі
10 сәуір 2020 ж. 715 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 093

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031