» » Қызылордада төрт бүлдіршін тірідей жанып кете жаздады

Қызылордада төрт бүлдіршін тірідей жанып кете жаздады

Қызылорда қаласы криминалдық полициясының екі қызметкері жанып жатқан үйден төрт баланы алып шығып, өртті сөндірді. Криминалдық полицейлер Әлімжан Әлімбетов пен Бейбарыс Қалымбетов жеке үйдегі өрттің кездейсоқ куәгері болған, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.
Оқиға 1 сәуір күні болған. Белгілі болғандай, үйде өрт шыққан кезде балалардан басқа ешкім болмаған: әкесі жұмысқа, ал анасы жақын жердегі азық-түлік дүкеніне кеткен.

Көрпелер мен кілемдер өртенген кезде, әйел есікті қасықпен жауып кеткендіктен, балалар үйден шыға алмаған.

Терезеден көмек сұрап тұрған, беттерін орамалмен жауып тұрған екі баланы полицейлер кездейсоқ байқаған. Сырттан от та, түтін де көрінбесе де, Әлімжан Әлімбетов пен Бейбарыс Қалымбетовте күдік пайда болған.

«Олар дереу үйге қарай жүгіріп, темір қасықпен жабылған есікті ашып, ішке кірді. Үйдің бәрі түиін болған. Барлық бөлмелерді қарап шыққаннан кейін полиция төрт баланы көшеге алып шықты», – делінген Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Балалардың үлкені бесте, ал кішісі жасқа да толмаған. Оларды көршілеріне тапсырған полиция қызметкерлері үйге қайтып келіп, өз күштерімен өртті қолда бар құралдармен сөндірген.

Балаларын аман-есен қолына алған әйел полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.
02 сәуір 2020 ж. 740 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№22 (10390)

29 наурыз 2025 ж.

№21 (10389)

23 наурыз 2025 ж.

№20 (10388)

17 наурыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 554
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930