» » Алғаш рет қазақстандықтар Наурыз мерекесін отбасында қарсы алуда

Алғаш рет қазақстандықтар Наурыз мерекесін отбасында қарсы алуда

Бүгін 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні, әз-Наурыз мерекесі. Бірақ, бұл мейрамды қазақстандықтар тұңғыш рет отбасында қарсы алуда, деп жазады kyzylorda-news.kz
Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде коронавирустың таралуына жол бермеуге байланысты Наурыз мерекесіне арналған қоғамдық шараларды және елордада Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадты өткізбеу туралы шешім қабылдады.
Сондай-ақ, елімізде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2020 жылғы 16 наурыздағы 08 сағат 00 минут пен 2020 жылғы 15 сәуірдегі 07 сағат 00 минут кезеңінде төтенше жағдай енгізілді.
Осыған орай, елімізде Наурыз мерекесінен бөлек, той-томалақ пен ас өткізуге тыйым салынды. Еліміздегі барлық ойын-сауық орталықтарының жұмысы тоқтатылды. Мейрамханалар мен қоғамдық тамақтану орындарының, базарлар мен сауда дүкендерінің жұмыс жасау уақыты өзгерді.
Еліміздегі мекемелер мен кәсіпорын қызметкерлері қашықтықтан жұмыс жасауға көшті.
Еліміздің қос қаласы – Нұр-Сұлтан жәнеАлматы қалалары карантинге жабылды.
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтап, көктемнің келуі мен мерекелік көңіл-күйге бөленуге ештеңе кедергі бола алмайтынын жеткізді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Қазақстан халқын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш тіледі.
22 наурыз 2020 ж. 479 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 608
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 384

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031