» » Аудандық сотта семинар өтті

Аудандық сотта семинар өтті

ЖОСАЛЫ, 12 наурыз – qarmaqshy-tany.kz Қармақшы аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Е.Мәтжанов сот қызметкерлеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның алдын алу» тақырыбына семинар өткізді.

Іс-шараға кеңсе меңгерушісі және сот мамандары қатысты.
Е.Мәтжанов сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне қарсы тұрып, істің шешілуіне мүдделі тұлғалардың қасақана арандатқыштық әрекеттеріне қатысты қырағылық көрсетуді, іске қатысушы тұлғалармен, прокурорлармен, адвокаттармен және іске мүдделілік танытқан тұлғалармен іс-жүргізуден тыс кез келген қарым-қатынастарына қатаң түрде тыйым салынғанын, бұндай фактілер анықталған жағдайда қызметтік тексеріс жүргізілетіні жайлы айтып өтті.
Сонымен қатар, сот мәжілісі хатшылары мен кеңсе қызметкерлеріне істер бойынша мәлім болған нақты ақпараттарды бөтен адамдарға тарап кетпеулерін және сотқа адамдардың кіру режимін қатаң қадағалап, ерекше назар аудару қажеттігін айтып өтті.
Семинарды қорытындылай келе, Е.Мәтжанов мемлекеттік қызметкерлер сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, сонымен қатар оның алдын-алу бойынша тұрақты жұмыс жүргізуі керектігін айтып өтті.
12 наурыз 2020 ж. 685 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

№81 (10449)

25 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 789
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 519

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930