» » Нью-Йорктегі әйгілі аренаға Димаштың суреті ілінді (фото)

Нью-Йорктегі әйгілі аренаға Димаштың суреті ілінді (фото)

Отандасымыз, әнші Димаш Құдайбергеннің суреті Нью-Йорктегі "Barclays Center" аренасының жұлдыздар қабырғасына ілінді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Barclays Center" алаңына әншінің суреті ілінгенін Қанат Айтбаев Instagram парақшасында мәлім етті. "АҚШ. Нью-Йорк қаласы. "Барклайс арена" стадионының жұлдыздар галереясына Димаштың суреті ілінді", – деп жазды өнер иесінің әкесі. Айта кетейік, 2019 жылғы 10 желтоқсанда аталған "Barclays Center" аренасында Димаш Құдайбергеннің жеке ән кеші өткен болатын. Ерекше дауыс иесінің өнерін тамашалауға әлемнің 54 елінен жанкүйерлер жиналған.
Осылайша, Димаштың АҚШ-та өткен алғашқы жеке концерті аншлагпен өтті. Тыңдарманға лық толған залда ине шаншар орын қалмаған.
"Barclays Center" – "Бруклин Нетс" баскетбол командасы мен "Нью-Йорк Айлендерс" хоккейшілерінің үй алаңы болып табылады. Сондай-ақ, ол – Нью-Йорк қаласында ауқымды іс-шаралар өткізу бойынша Madison Square Garden алаңының басты бәсекелесі.
Әйгілі аренада Майкл Джексон, Элвис Пресли, Мадонна, Уитни Хьюстон, Джон Леннон, Элтон Джон секілді әлемдік жұлдыздар өнер көрсеткен.
Еске сала кетейік, 9 наурызда Мәскеуде Димаштың жеке концерті өтеді. Тауда Ресей астанасында өткен баспасөз мәслихатында әнші концертке қалай дайындалып жатқанын айтқан еді.
28 ақпан 2020 ж. 741 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 393
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 183

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930