» » Димаш Құдайбергеннің Нью-Йорктегі концерті бүгін Qazaqstan арнасынан көрсетіледі

Димаш Құдайбергеннің Нью-Йорктегі концерті бүгін Qazaqstan арнасынан көрсетіледі

Бүгін Жаңа жыл мерекесіне орай Димаш Құдайбергеннің Нью-Йоркте өткен концертінің теленұсқасы көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақстан» телерадиокорпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
АҚШ-тың әйгілі «Barclays Center» аренасына 51 елден 20 мыңға жуық тыңдарман жинаған 2019 жылдың ең ауқымды шоуын бүгін сағат 17:20-дан бастап «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы ұсынғалы отыр. Одан бөлек, концерт алында көрерменге бір сағаттық арнайы жоба ұсынылады. Эксклюзив жобада Димаштың ата-анасымен бірге, қазақстандық және әлемнің түкпір-түкпіріндегі фанаттарының сұхбаттары беріледі. «Космос және Әлемнің шексіздігі» атты шоуда Нұр-Сұлтанда өткен жазғы концерттің ең жақсы сәттері қамтылған. Димаш оркестрдің сүйемелдеуімен «Адай» күйін, өзге де композицияларды орындайды. Сондай-ақ, әндерін қазақ, ағылшын, орыс, француз, итальян және қытай тілдерінде шырқайды.

31 желтоқсан 2019 ж. 839 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (10540)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 912
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 162

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930