» » Димаштың Нью-Йоркте өтетін жеке концертінің уақыты белгілі болды

Димаштың Нью-Йоркте өтетін жеке концертінің уақыты белгілі болды

Қазақстандық танымал әнші, ерекше дарын иесі Димаш Құдайберген АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында жеке концертін өткізетіні жайлы ақпар осыған дейін шыққан. Өнер жұлдызы концерт қайда, қашан өтетіні жайлы нақты ақпаратты instagram парақшасында жариялады.
Күні кеше әнші арнайы хабарлама жазып, таңда тамаша жаңалық жариялайтынын айтқан еді. Тыңдармандары мен жанкүйерлері бұл жаңалықты тағатсыздана күткен. Бүгін таңда күттірген жаңалық та жарияланды. Димаш Нью-Йоркте өтетін концертінің жарқағазын әлеуметтік желісіне жүктеді.
- Құрметті тыңдармандарым! 10 желтоқсан күні Нью-Йорктегі Barclays Center стадионында жеке концертім өтетінін зор қуанышпен хабарлаймын. Билеттер сатылымы жайында жақында тағы жазамын, - деп жазды әнші.
Димаштың АҚШ жеріндегі жеке концертін Мәдениет және спорт министрлігі тікелей қолдап, ұйымдастыруда. Осыған дейін отандасымыздың Лондон мен Мәскеу қалаларында да жеке концерттері дүркіреп өткен.


05 қыркүйек 2019 ж. 925 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 047
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 712

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031