» » Димаш Құдайберген Нью-Йоркте жеке концертін өткізеді

Димаш Құдайберген Нью-Йоркте жеке концертін өткізеді

Қазақстандық танымал әнші, ерекше дарын иесі Димаш Құдайберген АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында жеке концертін бермек. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрінің баспасөз хатшысы Айдар Қырықбайұлы instagram парақшасында жазды. - АҚШ-та Мәдениет және спорт министрлігінің тікелей қолдауымен және ұйымдастыруымен Димаштың концерті өтеді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты.
Ерекше кездесу өткізген министр Димаш Құдайберген АҚШ-та жеке шығармашылық концертін беретінін жеткізді. Аты әлемге әйгілі өнер иесінің бұл кеші Нью-Йорк қаласында болмақ, - деп хабарлады. Еске салсақ, Димаш Құдайберген жақында ғана елордада "Арнау" атты жеке концертін беріп, одан түскен қаржының бір бөлігін Арысқа көмек ретінде аударатыны жайлы айтқан. Сондай-ақ, осыған дейін отандасымыздың Лондон және Мәскеу қалаларында да жеке ән кештері өтті.

02 шілде 2019 ж. 1 525 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30