» » ЖРВИ мен тұмаудың эпидемиологиялық жағдайы қандай?

ЖРВИ мен тұмаудың эпидемиологиялық жағдайы қандай?

ЖОСАЛЫ, 24 ақпан – qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданы бойынша эпидемиологиялық маусымның басталғалы бері (2019 жылғы 1 қазаннан бастап) ЖРВИ-ға қатысты 374 жағдай тіркелген. Сырқаттану деңгейі өткен жылдың деңгейінен 1,6 есеге жоғарылаған. ЖРВИ-мен ауырған адамдардың 25 пайызы 14 жасқадейінгі балалар (94 жағдай). Вакцинациялау науқаны уақытында тұмауға қарсы жалпы халықтың 100 %-ы егілді, оның ішінде 30 % - 14 жасқа дейінгі балалар, 70 % - ересектер.
Вакцинациядан кейінгі асқыну тіркелмеген.Тұмау және ЖРВИ профилактикасы ағзаның өзіндік қорғаныш күшін нығайтуға бағытталған және вакцинациямен қатар жүргізіледі. Спецификалық емес қорғаныш ретінде иммунитетті жақсарту препараттары (анаферон, интерферон, виферон, интерферон индукторы), вирусқа қарсы жақпамайлар (оксалин, антивир және т.б.), поливитаминдер қолданылады. Сондай-ақ, ЖРВИ-мен ауыратын адамдармен қарым-қатынаста болмау, науқас адамдармен қарым-қатынаста болған кезде бетперде кию, қолды сабынмен немесе антибактериальдық заттармен (құрамында спирт ерітіндісі бар) жуу, жөтелгенде және түшкіргенде бір рет пайдаланылатын орамал немесе сулықтарды пайдаланып, мұрын және ауызды жабу, көзді, мұрын және ауызды лас қолмен ұстамау, адамдар көп жиналатын орындарға баруды шектеу (ойын-сауық және спорт іс-шаралары, жиналыстар, кездесулер және т.б.), үй-жайды тұрақты желдету, салауатты өмір салтын ұстану (жақсы ұйқы, таза ауа, белсенді демалыс, дәрумендерге бай құнарлы тамақ) қажет. Тамақты салқын сумен шаюдан бастап контрасты себезгі және бассейнге бару арқылы ағзаны шынықтыру қажет. Науқас адам үйде болған жағдайда оны оқшаулап, науқас және сау адамдар да бетпердені пайдалануы қажет. Қоғамдық көлікте, дәрігерге кезекте тұрғанда инфекцияның таралуын болдырмау үшін дәрігерді үйге шақыртқан жөн.
24 ақпан 2020 ж. 670 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 323
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031