» » Қызылорда облысында өндірілген өнім көлемі артқан

Қызылорда облысында өндірілген өнім көлемі артқан

    Қызылорда облысындағы өңдеу өнеркәсібінде өнім өндіру көлемі 1,3 пайызға артқан. Бұл туралы облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовтың халыққа есеп беру жиынында белгілі болды, деп жазады Kyzylorda-news.kz. 
    Аймақ басшысы өткен жылдың қорытынды есебін баяндау барысында облыстың дамуына қатысты бірқатар салаларда өсім барын жеткізді. Оның айтуынша, ауыл шаруашылығында – 4,3 пайызға, жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 9,3 пайызға өскен.
    «Бағаның біршама өсуіне қарамастан, бөлшек тауар айналымы оң динамиканы көрсетті (101,5%). Бұл халықтың сатып алу қабілетінің артқанын білдіреді. Жалақымен (108,4%, 147496 теңге), халықтың нақты ақшалай кірісі индексінің де (105,9%, 77878 теңге) өскені байқалады», – деді ол. 
    Сонымен қатар атқарылған жұмыстар оң нәтиже беріп коммуналдық тарифтердің құны төмендегенін байқаймыз.
    «Былтыр электрмен жабдықтау қызметтеріне тарифтерді (0,3 пайызға, 15,49 теңгеден 15,44 теңгеге дейін) төмендетуге қол жеткіздік. Жылумен жабдықтау қызметтеріне тарифтер 1,2 пайызға (35,16 теңгеге, 2834,82 теңгеден 2799,66 теңгеге дейін), сумен жабдықтау тарифтері 12 пайыздан астам (5,85 теңгеге, 47,31 теңгеден 41,46 теңгеге дейін) және су тарту қызметтеріне тарифтер 13,5 пайызға (5,85 теңгеге, 47,31 теңгеден 41,46 теңгеге дейін) төмендеді», – деді аймақ басшысы Қуанышбек Досмайылұлы.

19 ақпан 2020 ж. 556 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 235

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 338

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930