» » ЕҢ ЖОҒАРҒЫ ЖАЛАҚЫНЫ КІМДЕР АЛАДЫ?

ЕҢ ЖОҒАРҒЫ ЖАЛАҚЫНЫ КІМДЕР АЛАДЫ?



Қазақстанда ең жоғары жалақыны кімдер алатыны аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰЭМ Статистика комитетіне сілтеме жасап.
 Ведомствоның мәліметінше, 2019 жылдың екінші тоқсанында бір қызметкердің орташа жалақысы 186 537 теңге болды. Салалық құрылымда ең жоғары жалақы қаржы және сақтандыру қызметінде - 458 000 теңге, кен өндіру өнеркәсібінде және кен шығарылатын орында - 387 300 теңге, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет саласында - 315 100 теңге, ақпарат және байланыс саласында - 274 800 теңге, құрылыс саласында - 233 000 теңге болды. Атаулы жалақының ең төмен деңгейі ауыл, орман және балық шаруашылығында - 112 900 теңге, бұл республика бойынша орташа көрсеткіштен 39,5 пайызға төмен. Өңірлерде ең жоғары жалақы Атырау облысында белгіленді - 325 000 теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 1,7 есе артық. Жамбыл облысында оның көлемі 126 500 теңгені көрсетті, бұл ел бойынша орташа деңгейден 32,2 пайызға төмен.
04 тамыз 2019 ж. 50 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (9816)

20 тамыз 2019 ж.

№63 (9815)

16 тамыз 2019 ж.

№62 (9814)

12 тамыз 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

19 тамыз 2019 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

15 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031