» » Қазақстандағы ең көп жалақы алатын маман иелері

Қазақстандағы ең көп жалақы алатын маман иелері

Қазақстандағы ең көп жалақы алатын маман иелері
2018 жылдың І тоқсанында қазақстандықтардың орташа жалақысы 152,4 мың теңгені құрады. Бұл өткен жылдағы осы уақытпен салыстырғанда 8,7% көп.
Қазақстандықтардың сатып алу қабілетінің 2015 жылдың І тоқсанынан бері алғаш рет өсіп отырғанын айта кетуіміз керек. ҚР бойынша ең көп орташа жалақы Маңғыстау облысында. Аталған аймақта орташа жалақы көлемі бір жыл ішінде 14% өсіп, 282 мың теңгеге жетті. Сондай-ақ, жалақы бойынша лидерлер қатарына Атырау облысы (279,9 мың теңге, +9,2%), Астана (223,5 мың теңге, +9,9%) және Алматы (187,8 мың теңге, +4,4%) қалалары кірді.
Ең көп жалақыны сақтандыру және қаржы саласындағы мамандар (І тоқсан қорытындысы бойынша 299 мың, бір жылда +2,8%) алып жүр. Сондай-ақ, бұл тізімде ғылыми және техникалық салада жүргендер (255,1 мың теңге, бір жылда +7,2%) бар.
Өнеркәсіп саласындағы мамандардың орташа жалақысының көлемі 223,3 мың теңгеге (бір жылда +11%) жетті. Алайда кен өндіру саласындағы жұмысшылар бірден 366,2 мың теңге алады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13% көп.
Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылдың қорытындысы бойынша, қазақстандықтардың орташа жалақысы 149,7 мың теңге немесе 459 АҚШ доллары болған еді.
silteme.kz

 





11 мамыр 2018 ж. 1 829 1

JeaCold от 16 ақпан 2019 11:32
Alli Xenical Cialis Generico Erezione 20 Mg Cialis Dosage http://xbmeds.com Lioresal Pas Cher En Canada Levitra Orosolubile Bayer Prezzo

PDF нұсқалар мұрағаты

№63 (10531)

22 тамыз 2026 ж.

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 716
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 165

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31