» » Арзан өнім – жәрмеңкеде

Арзан өнім – жәрмеңкеде

Қармақшылықтардың  көптен күткен жәрмеңкесі өткен аптада кент орталығындағы Сексенбаев көшесі бойына жайғастырылды. Ауылшаруашылық өнімдерінің сатылымында кісі қарасы қалың. Таң атпай орталыққа ағылған жұрт арзан өнімдерді ептеп емес, көптеп алуға тырысты. Жәрмеңкенің өту барысын ауылшаруашылығы бөлімі мамандары қадағалады. Арзан бағадағы өнімге талас-тартыстың жасырын емес. «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы (Өңірлік тұрақтандыру қоры) жәрмеңкеге арзан бағада 10 тонна картоп, 4 тонна жуа, 2,5 тонна сәбіз, 400 келі макарон өнімін әкелді.  
Картоптың келісі – 80, жуа – 70, сәбіз – 75, макарон – 2800 теңгеден (20 келілік қап) сатылған соң арзан азық-түлік санаулы сағаттың ішінде түгесілді.  Мұндай жәрмеңке жыл басынан бері Жосалы кентінде 2, Төретамда 2 рет ұйымдастырылып отыр. Кенттұрғындары үшін ұйымдастырылатын ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Гүлжанат ДҮЗЕНОВА
Қазбек ТАЙБАҒАРОВ (сурет)
10 ақпан 2020 ж. 1 170 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

№90 (10458)

25 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 996
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 672

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031