» » «Туған жер» жобасын қаржыландыру жөнінен Қызылорда облысы алда тұр

«Туған жер» жобасын қаржыландыру жөнінен Қызылорда облысы алда тұр

Бұл туралы Ақордада өткен ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссия отырысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев мәлімдеді. 
"Қазақпарат" хабарлағандай, жиында 2019 жылы бағдарламаны іске асырудың нәтижелері мен алда атқарылатын жұмыстың жаңа басым бағыттары қаралды.
«Өздеріңізге белгілі, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырылып жатқанына биыл үш жыл толады. Үш жылға жуық уақытта елеулі жұмыстар атқарылып, нақты жобалар жүзеге асырылды. Сонымен бірге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жақында жарық көрген «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласындағы ойшылдың еңбектері арқылы таралған рухани бағыттары осы бағдарламамен табиғи сабақтастық тауып отырғанын қоғамдық пікір қолдап отыр», - деді Қырымбек Көшербаев отырыс барысында.
Мемлекеттік хатшы өз сөзінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы өзінің өлшемдері бойынша нақты жобаларды іске асыруға бағытталған кешенді бағдарлама екенін атап өтті.
«Соның нәтижесінде бүгін де бағдарлама заманауи қазақстандық мәдениет, озық білім, ғылыми зерттеу, археология және басқа да түрлі бағыттардың дамуына едәуір серпіліс беруде. Қазіргі таңда 6 бағыт бойынша 13 арнайы жоба іске асырылуда. Жасыратыны жоқ бірқатар жоба нәтижелі жүргізілсе, кейбірі көздеген межеден шыға алмай отыр. «Туған жер» жобасы аясында меценаттардың арқасында демеушілік қаражат есебінен 2019 жылы 60 млрд теңгеге жуық қаражат тартылды. Оның ішінде 889 нысан жаңадан салынды. 631 нысан күрделі жөндеуден өтті. Атап өту керек, қаржыландырудың ең көп көлемі Маңғыстау, Алматы, Атырау, Қызылорда және Ақмола облыстарының үлесінде. Бұл көрсеткіштер Қазақстандағы бизнес өкілдердің әлеуметтік жауапкершілігін байқатады», - деді ол.
Қырымбек Көшербаев сонымен қатар «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша алдағы үш жылдағы іс-шараларды іске асыруға Үкімет республикалық бюджеттен 90 млрд теңге қарастырылғанын айтты. Оның ішінде 2019 жылы 30 млрд теңге бөлініп, 711 жобадан тұратын 53 ауылдық елдімекенде 452 инфрақұрылымдық жоба іске асырылды.
«Қалған жобалар еліміздің руханияты мен тарихын, әдебиеті мен мәдениетін, білімі мен ғылымын тереңдету, таныту, зерттеу бағыттары бойынша жалғасуда», - деді Мемлекеттік хатшы.
05 ақпан 2020 ж. 475 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 049

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031