» » Тұрғындар тілегі ескерусіз қалмайды

Тұрғындар тілегі ескерусіз қалмайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына ерекше назар аударылған. Ондағы басты мақсат – халықпен тікелей қатынас орнату.
Өткен аптада аудан әкімі Мұса Қалдарбеков тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға тіркелген отыздан аса тұрғын, өздерінің мұң-мұқтаждары мен өтініштерін бүкпесіз айтып, оған нақты жауап алды. Сондай-ақ тұрғындардың мәселесін шешуге аудан әкімінің орынбасарлары, тиісті мекеме басшылары қатысты.
Көтерілген мәселенің басым бөлігі – жұмыспен қамту, баспана, көше жөндеуге қатысты сауалдар. Әр азаматты мұқият тыңдаған аудан басшысы тұрғындардың өтінішінің кейбірін сол мезетте түйінін тарқатып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Ал кей талап-тілектер қолданыстағы заң талаптарына сай зерделеніп, жауап беретіндігі айтылды. Алдағы уақытта келіп түскен шағымдарды өз қадағалауын алатынын жеткізді.

Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
05 ақпан 2020 ж. 723 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10537)

11 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 817
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 099

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930