» » Үміт сыйлаған бөлме

Үміт сыйлаған бөлме

ЖОСАЛЫ, 27 қаңтар – qarmaqshy-tany.kz "Қармақшы аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жайында мәлімет.

Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетін жоғарғы санатты, тәжірибелі психолог Мусаева Ләззат Сұлтанбекқызы басқарып отыр. Кабинет №250 мектеп базасында жалпы ауданы 203,23 шаршы метр 5 бөлмесінде орналасқан. Психологиялық- педагогикалық түзету кабинеті арнайы түзетуші топтық, шағын топтық және жеке дамытушы бағдарламаларды іске асыратын және ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсету үшін құрылатын арнайы білім беру ұйымдарының бірі болып табылады. 
Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіне (ППТК) балаларды жіберу және орналастыру ата-аналардың (заңды өкілдердің) келісімімен Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының (ПМПК) қорытындысы бойынша жүзеге асырылады. Балаларды психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіне (ППТК) қабылдау жыл бойы жүргізіледі.
ППТК психологиялық-педагогикалық көмекті ПМПК қорытындысы негізінде туылғаннан он сегіз жасқа дейінгі ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға: 
1) көру қабілеті бұзылған;
2) есту қабілеті бұзылған;
3) сөйлеу тілінің бұзылыстары бар;
4) сөйлеу тілінің дамуы тежелген;
5) тірек-қимыл аппараты қызметінің бұзылысы бар; 
6) зерде бұзылыстары бар;
7) психикалық дамуы тежелген; 
8) эмоциялық-ерік әрекетінде және мінез-құлқында бұзылыстары бар;
балаларға көрсетеді.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 174 бұйрығына сәйкес Қармақшы аудандық білім бөлімінің «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» және «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік қызметтерін көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді бастауға негіздеме: көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының немесе заңды өкілінің еркін нысандағы өтініші болып табылады. 
Көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесі бойынша демалыс және мереке күндерін қоспағанда дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-18.30-ға дейін. Құжаттарды қабылдау және көрсетілетін қызметтін нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін атқарылады.
2018-2019 оқу жылында барлығы 71 қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсетілген. Барлық қызмет алушыға мемлкеттік қызмет көрсету тәртібі бойынша құжаттар толтыру рәсімі жүзеге асырылған. Әр айдың 25–не дейін аудандық білім бөліміне мемлекеттік қызмет көрсетудің есебі тапсырылып тұрады.
Аудандық бюджеттен 5422,0 млн теңге қаржы болініп, кабинетке түзете-дамыту сабағына келетін балаларға арналған құрал-жабдықтар мен дидактикалық материалдар алынып, сабақ барысында қолдануда.
27 қаңтар 2020 ж. 1 719 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 038

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031