» » Энергия көзін жетілдіру жаңаша сипат алып келеді

Энергия көзін жетілдіру жаңаша сипат алып келеді

Кеше облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов «Renovatio Group»  компаниясының тең құрылтайшысы әрі серіктесі Джеймс Колтер Иеди, «EDPR» компаниясының өкілі Дуарте Нуно Менедес да Коста және «BDC Consulting KZ» компаниясының директоры Махмудов Ахад Хошимовичтермен кездесті, деп жазады Сыр бойы. Басқосу барысында облыста жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын электр станцияларын құру жобасы талқыланды. Шетелдік компания өкілдері әріптестік танытуға ынталы екендігін жеткізіп, екі жақты келісімге қол қойды.
200 Мвт күн электр станциясы құрылысының құны – 100 млн АҚШ доллары. Жобаны жүзеге асыру үшін Қызылорда қаласының сол жағалауынан 400 гектар жер учаскесі таңдалған. Жоба ақпан айын­да басталмақ. Электр станциясының құрылысы келер жылдың соңында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бұл ретте аймақ басшысы елімізде, оның ішінде Сыр өңірінде шетелдік инвесторларға қолайлы жағдай жасалғанын және осындай ұтымды жобаларды жүзеге асыру екі тарапқа да тиімді екенін атап өтті.
– Әлемде қалыптасқан күрделі эконо­микалық жағдайға байланысты өңірлік сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтудің маңызы зор. Екі жақты жұмыс нәтижесінде соңғы 5 жылда Қазақстанның Португалиямен өзара саудасы 2,3 млрд АҚШ долларына жеткен. Оның ішінде импорт көлемі – 81,2 млн АҚШ доллары. Қазақстандық экспортталушы өнімдер қатарында мұнай, мақта, қара металл бар. Ал, Португалиядан Қазақстанға электр машиналары, су көлігі, фармацевтикалық өнімдер келеді.  Қызылорда облысын инвестиция тарту секторы ретінде таңдағандарыңыз үшін қуаныштымыз. Аймақта табиғи ресурстар саны жетерлік. Облыстың жер қойнауында Менделеев кестесіндегі барлық элементтер бар екенін мақтанышпен айта аламыз, –  деді облыс әкімі.
Жиын соңында Джеймс Колтер Иеди жобаны жүзеге асыруға қолдау көрсетіп отырған облыс әкімдігіне алғыс білдіріп, Қызылорданың экономика, инфрақұрылым жағынан толықтай дамығанына тоқталды. Алдағы уақытта бірлескен байыпты істердің жүзеге асатынын алға тартты.
Жалпы, өңірде жаңартылатын электр энергиясының көздерін дамыту жұмыс­тары жүйелі іске асуда. Бізде күн сәулесінің орташа жылдық ұзақтығы 3 мың сағаттан артық екені ескерілген. Облыста бұдан бөлек Ұлыбритания, Франция және Болгария елдері инвесторларының қатысуымен энергия көздері бойынша тағы 3 жоба қолға алынған.
16 қаңтар 2020 ж. 601 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031