» » 6 жасар бала құдыққа құлап кетті

6 жасар бала құдыққа құлап кетті

Қостанайдың орталық көшелерінің бірінде 6 жасар бала кәріз құдығына құлап кетті деп жазады Alau.kz.
Аталған жайтқа қатысты облыстық Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 279-бабының 1-тармағымен іс қозғалғанын мәлімдеді.
Кішкентай баланың беті ашық құдыққа түсіп кеткені туралы оның әкесі Берік Игіліков жазған болатын.
«26 желтоқсанда сағат 13:30 шамасында мен әйелімді Гоголь көшесіндегі сұлулық салонына алып келгем. Ал, өзім балаларыммен серуендемек болдым. Балалар артымда келе жатқан, бір кезде кіші ұлым: «әке, Мансұр құлап кетті» деп айқайлады. Артыма қарасам үлкен ұлым жоқ», - деді Қостанай тұрғыны.
Оның айтуынша, кәріз құдығының беті қармен жабылып қалған, оны бала байқамай үстінен баса салыпты.
«Жанымызда бойшаң келген жігіт өтіп бара жатқан, ол дереу көмекке ұмтылды, құдыққа түсіп, баланы алып шықты. Балам арқамен бетонға құлапты, біз оны дереу ауруханаға жеткізіп, сонда түнеп шықтық. Қуанышымызға орай айтарлықтай жарақаттары жоқ. Ол тілін қатты тістеп алған және шынтағын жаралапты», - деді Б.Игіліков.
30 желтоқсан 2019 ж. 743 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 755
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 120

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 481

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930