Топ-баннер
Топ-баннер2
» » 6 жасар қыз 26-қабаттан құлап аман қалды (видео)

6 жасар қыз 26-қабаттан құлап аман қалды (видео)

Қытайда кішкентай қыздың ғимараттың 26-қабатынан құлап бара жатқаны бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Бақытымызға орай, жантүршігерлік апаттан кейін бүлдіршін таңғажайып түрде аман қалды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Көпқабатты үйдің 26-қабатында тұратын ата-ана 6 жасар қыздарын пәтерде жалғыз қалдырып, кетіп қалған. Бүлдіршін оянғанда ата-анасын іздеп, абайсызда терезеден құлап кетеді. Оның жантүршігерлік құлау сәті ғимаратта орнатылған камераға түсіп қалды.
Бірақ, ең таңғажайып кадрлар гараждың ішінде түсірілген. Оның шатыры қыздың құлауын бәсеңдетсе керек, себебі бүлдіршін соның арқасында аман қалды. Гараж ішіндегі бейнебақылау камерасына түсірілген кадрда қыздың құлағаннан кейін біраз уақыт жерде жатып, сосын ештеңе болмағандай орнынан тұрып, ата-анасын іздей кеткені анық көрінеді.
Бұл жағдай белгілі болғаннан кейін, қызды шұғыл түрде Чунцин қаласындағы ауруханаға жеткізді. Таңғаларлығы, тексеруден кейін оның тек қолын сындырып алғаны анықталды.

27 маусым 2019 ж. 1 723 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 570
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 366

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031